ГвинеяКоординаттар: 48°57′00″ с. е. 66°14′00″ ш. б. / 48.95000° с. е. 66.23333° ш. б. (G) (O) (Я)
Гвинея, Гвинея Республикасы (фр. République de Guinée) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы 246 мың км². Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. ҮкіметіЕлді президент басқарады. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. ГеографиясыГаусс жері түгелімен субэкваторлық белдеуде орналасқан. Аласа және орташа таулы үстірттер көп. Жері боксит, алмаз, алтын, т.б. кендерге бай. Климаты экваторлық, муссондық. Жылдық орташа температура 20 — 25°С аралығында. Жауын-шашынның орташа мөлшері 1200 — 2000 мм. Жері құнарлы. Мәңгі жасыл ормандар мен саванна өсімдіктері өседі. ТарихыАрхеологиялық қазбалар бұл өңірде адамдардың өте ерте заманнан бері өмір сүріп келе жатқанын дәлелдейді. Бірақ ХІХ ғ-дың ортасына дейінгі тарихы аз зерттелген. Орта ғасырларда кейбір аудандары Гана және Мали мемлекеттерінің құрамында болған. 16 ғ-дан бастап ислам дінін қабылдаған көшпелі фульба тайпалары әскери-діни Фута-Джаллон мемлекетін құрып, көршілес пұтқа табынушыларды өздеріне бағындырды. XV ғасырдың орта тұсынан бастап Гаусс жағалауына португалдықтар келіп, алтын, піл сүйектерін, қымбат ағаштары мен құлдарды Еуропаға, кейіннен Америкаға таси бастады. Олар XVI — XVIII ғасырларда жергілікті тайпалар арасындағы алауыздықтарды пайдаланып, өз биліктерін орнатуға тырысты. 1865 — 76 ж. бұл өңірде француздар бірнеше қамалдар тұрғызып, Англия мен Германияны елден ығыстырып шығарды. Олар елдің ең құнарлы жерлерінде кофе, банан, ананас, мақта өсіруді жолға қойды. Алғашқы өндіріс орындары (тау-кен саласында) 1930 жылынан ғана пайда бола бастады. 1958 жылы 28 қыркүйекте өткізілген референдумда Гаусс халқы Франция конституциясын қабылдамай, ел тәуелсіздігіне дауыс берді. Сол жылы 2 қазанда Гаусс тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Гвинея демократиялық партиясы және оның жетекшісі Секу Туренің басшылығымен жер, өндіріс орындары, шетелдік компаниялар мен банк жүйелері мемлекет меншігіне алынды. 1984 ж. қантөгіссіз мемл. төңкерісі болып, алдыңғы конституция күшін жойды. Мемлекеттік монополия шектеліп, елге шет ел капиталының енуіне жағдай жасалды. 1991 ж. өткізілген жалпы ұлттық референдумда жаңа конституция қабылданып, елде президенттік басқару, бір палаталы парламент қызметі енгізілді. Қоғамды демократияландыру шаралары жүзеге асырылуда. Экономикасының негізі — тау-кен өнеркәсібі (боксит, алтын, алмас), қымбат ағаштар, т.б. экспорттың 96%-ін құрайды (1995). Дүние жүзіндегі боксит қорының 2/3-і осында шоғырланған. Халықтың 70%-і а.ш-нда (мақта, темекі, кофе, банан, күріш,мал ш.) жұмыс істейді. Дегенмен, азық-түлік өнімдері тапшы болғандықтан, сырттан әкелінеді. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Жапония. Гаусс БҰҰ-ның, Африка одағының, Ислам конфедерациясы ұйымының, т.б. халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі. Гвинеяда үлкен минералдық, гидроэнергетикалық және ауылшаруашылық ресурстары бар, бірақ әлі де экономикалық жағынан дамымаған ел болып қала береді. 1950 жылдардан бастап. Гвинеяға Кеңес Одағы экономикалық көмек көрсетті. Оның көмегімен боксит өндіру кешені және көптеген өнеркәсіп орындары құрылды, темір жолдар мен автомобиль жолдары қайта құрылды, астаналық университет, әуежай, орталық стадион, қонақ үй, радиостанция салынды. Гвинеяда боксит (әлемдік қордың жартысына жуығы), темір рудасы, алмаз, алтын және уран кен орындары бар. Жан басына шаққандағы ЖІӨ (2009 жылы) – 1 мың доллар (әлемде 212 орын). Кедейлік шегінен төмен – халықтың 47%-ы (2006 ж.). Ауыл шаруашылығында жұмысшылардың 75%-дан астамы жұмыс істейді (ЖІӨ-нің 24%). Күріш, кофе, ананас, шабдалы, нектарин, манго, цитрус жемістері, тапиока, банан, картоп, қызанақ, қияр, бұрыш, інжір және басқа да көкөністер мен жемістер өсіріледі. Ірі қара, қой, ешкі өсіріледі. Өнеркәсіп (ЖІӨ-нің 38%) – боксит, алтын, алмаз, темір рудасын өндіру, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу. галерея
Дереккөздер |