НигерияКоординаттар: 9°22′00″ с. е. 8°05′00″ ш. б. / 9.36667° с. е. 8.08333° ш. б. (G) (O) (Я)
Нигерия (ағылш. Nigeria [naɪˈdʒɪrɪə]), Нигерия Федеративті Республикасы (ағылш. Federal Republic of Nigeria; игбо Republic ndi Naigeria; йоруба Orílẹ̀-èdè Olómìnira Àpapọ̀ ilẹ̀ Nàìjíríà; хауса Jam-huriyar Taraiyar Nijeriya; фула Republik Federaal bu Niiseriya) — Батыс Африкада Нигер өзенінің төменгі ағысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 923768 км². Халқы 174,5 млн. (2013) (хауса – 21%, йоруба – 20%, ибо – 17%, фулани – 9%, қалғандары – фульбе, канури, эдо, игбо, т.б. халықтар). Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқының 50%-ы мұсылмандар, 40%-ы христиандар, қалған бөлігі жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – парламент. Астанасы – Абуджа қаласы (1991 жылдан). Әкімшілік жағынан 36 штат пен федералдық астаналық аумаққа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қазан (1960). Ақша бірлігі – найра. ТабиғатыНигерияның көпшілік бөлігін жазықтар мен тау үстірттері (ең биік нүктесі – Фогель шыңы – 2042 м) алып жатыр. Экваторлық-муссондық климат басым. Қаңтардағы орташа температурасы 26ӘС-қа, шілдеде 33ӘС-қа дейін жетеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстік-шығысында 500 мм, оңт-нде 4000 мм шамасында. Негізгі өзені – Нигер. Оңтүстігін тропиктік ормандар, солтүстігін саванналар алып жатыр. Нигерияда пілдер мен мүйізтұмсықтар, леопард, қорқау қасқыр, киік тұқымдастардың 30-ға жуық түрлері мен керіктер, тропиктік ормандарда – шимпанзе мен горилла, әр түрлі кесірткелер мен қолтырауын, гиппопотамдар мен жыландар, цеце шыбыны кездеседі. Саны азайған жан-жануарларды қорғау мақсатында мемлекеттік қорықтар ұйымдастырылған. Кен байлықтарынан мұнай мен газ, тас көмір мен қоңыр көмір, темір, түсті металдардың (қорғасын, мырыш, қалайы, вольфрам, молибден, ниобий, тағы басқа) кентастары мен алтын кездеседі. ТарихыНигерия аумағын адамдар орта және кейінгі тас дәуірінен бастап қоныстанған. 8 – 10 ғасырларда хаус халқының қала мемлекеттері (Кано, Кацина, Гобир, Зария, т.б.) құрылды. 13 ғасырда солтүстіктен хаусалармен тез араласып кеткен фульбе тайпалары енді. Нигерия аумағына еуропалықтардан бірінші болып 1472 ж. португалдар келді. 1553 ж. Нигерия жағалауларына ағылшындар да жетті. Еуропалықтар мұнда құл саудасымен айналысты. 1862 ж. Лагос ағылшын отары құрылып, отаршылар бірте-бірте Нигер өзенінің жағалауындағы көлемді аумақты жаулап алды. 1914 ж. қазіргі Нигерияның аумағы “Нигерия протектораты мен отары” деп атала бастады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыстар күшейді. Нәтижесінде 1960 ж. 1 қазанда Нигерия тәуелсіз мемлекетке айналып, БҰҰ-ға қабылданды (7 қазан). 1967 – 70 ж. федералдық үкімет Батыс Нигерия аумағында жарияланған тәуелсіз Биафра Республикасымен соғыс жүргізді, соғыста 1 млн-нан астам адам қаза болды. Халық тұрмысының шектен тыс төмендігі, тұрғындарының әр түрлі этностардан тұруы елдегі саяси тұрақтылыққа теріс әсер етуде. 1980 – 90 ж. мемлекет ішіндегі этностық, тайпааралық жанжалдарға байланысты әскерилердің билікке келуі жиі кездесті. Нигерия– аграрлы ел, сонымен қатар мұнай өндірісі жоғары дамыған. Нигерия 1970 жылдан бастап мұнай экспорттайтын ең ірі 10 мемлекеттің құрамында. Мұнай өндіру көлемі жөнінен (жылына 70 – 80 млн. т) Африка елдерінің арасында бірінші орынды иеленеді. Нигерия елінің экономикасыЖалпы сипаттамасыТүсті металдар, электр қуатын өндіру, тамақ, тігін өнеркәсіп орындары бар. Сыртқа шығаратын негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары: какао, майлы пальма, арахис, мақта, каучукті өсімдіктер, қант құрағы. Мал шаруашылығы да біршама жақсы дамыған. Ұлттық жиынтық өнімнің жан басына шаққандағы мөлшері 880 АҚШ долларына тең (1997). Негізгі сауда серіктестері: Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ. Ақша бірлігі-Нигериялық найра 1973 жылдың 1 қаңтарынан бастап ел аумағында айналымға енгізіліп, Нигерия фунтын алмастырды. Ауыл шаруашылығыКакао, жержаңғақ, жүгері, күріш, құмай, тары, кассава (тапиока), ямс, резеңке, шабдалы, нектарин, қара өрік, шие, шие, цитрус жемістері, қызанақ, қияр, бұрыш және басқа да көкөністер мен жемістер өсіріледі. Алма мен алмұрт отырғызу белсенді. Мал өсіріледі: қой, ешкі, шошқа; балық аулау дамыған. ТуризмТуризм-ел бюджетінің маңызды құрамдас бөліктерінің бірі. Елде тропикалық ормандар, саванналар, сарқырамалар, мәдени және тарихи маңызы бар көптеген нысандар бар. Алайда, елдің бірқатар аймақтары электр қуатының жетіспеушілігінен, жол сапасының нашарлығынан және лас ауыз судан зардап шегеді. МәдениетіКинематографНигерия толық метражды фильмдер саны бойынша әлемде екінші орында (2006 жылы 872 фильм), Үндістаннан кейін екінші орында (1091 фильм) және АҚШ-ты айналып өтіп (485 фильм). Нигерия киноиндустриясы Голливудқа ұқсас Нолливуд деп аталады . Нигерияда толықметражды фильм өндірісінің орташа құны шамамен 15 000 долларды құрайды. СпортКөптеген елдердегідей ұлттық спорт түрі — футбол. Нигерия ұлттық футбол командасы айтарлықтай жетістіктерге жетті: ол 6 әлем чемпионатына қатысты (1994, 1998, 2002, 2010, 2014 және 2018 жылдары), 1980, 1994 және 2013 жылдары Африка Кубогын жеңіп алды[63]. 1996 жылы Нигерия Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алып, финалда Аргентинаны жеңді. Сонымен қатар, Нигерия жастар құрамасы (20 жасқа дейін) 1989 және 2005 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ал Нигерияның жасөспірімдер командасы (17 жасқа дейін) әлем чемпионаттарында төрт рет жеңіске жетті (1985, 1993, 2007, 2013) және тағы үш рет финалға жетті (1987, 2001, 2009). Көптеген Нигериялық футболшылар Еуропа чемпионаттарында ойнайды. Дереккөздер
|