Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Тунис

Координаттар: 34°06′00″ с. е. 9°39′00″ ш. б. / 34.10000° с. е. 9.65000° ш. б. / 34.10000; 9.65000 (G) (O) (Я)
Тунис Республикасы
араб.: الجمهورية التونسية
Байрақ Елтаңба
Әнұран: «Humat al-Hima»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 20 наурыз 1956 жыл (Франциядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі араб тілі
Елорда Тунис
Ірі қалалары Тунис, Сус, Сфакс
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Премьер-министрі
Ұлттық халықтар
ассамблеясы
төрағасы
Беджи Каид Эс-Себси
Юсеф Шахед
Мохаммед Эн-Насер
Мемлекеттік діні Ислам Әһл әс-Сунна бағыты
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 91-ші орын
163 610 км²
5,0
Жұрты
• Сарап (2017)
Тығыздығы

11 434 994[1] адам (79-шы)
63 адам/км² (133-ші)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

144,222 млрд.[2] $
12,369[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

41,662 млрд.[2] $
3,573[2] $
АДИ (2017) 0,735[3] (жоғары) (95-ші)
Валютасы Тунис динары
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .tn
ISO коды TN
ХОК коды TUN
Телефон коды +216
Уақыт белдеулері UTC+1, Central European Time, UTC+2 және Africa/Tunis

Тунис (араб.: تونس‎), ресми атауы — Тунис Республикасы (араб.: الجمهورية التونسية‎, әл-Джумхуриййа ат-Тунисиййа) — солтүстік Африкадағы, Жерорта теңізінің жағалауында орналасқан мемлекет. Аумағы 163,6 мың км². Халқы 9,3 млн. (2003). Астанасы – Тунис қаласы. Әкімшілік-аумақтық жағынан 20 уәлаятқа бөлінеді. Халқының 98%-ын арабтар мен берберлер, қалған бөлігін еуропалықтар (негізінен француздар мен италиялықтар) құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Дінге сенушілердің 98%-ы – суннит бағытындағы мұсылмандар. Мемлекеттік басқару формасы – республика. Мемлекет басшысы – президент, ол бір мезгілде Мемлекеттік Кеңестің басшысы болып табылады. Заң шығарушы органы бір палаталы парламент – Депутаттар палатасы. Ақша бірлігі – тунис динары. Ұлттық мейрамы – ұлт күні – 20 наурыз (1956). Біріккен Ұлттар Ұйымының (1956), Африка Бірлігі Ұйымының (АБҰ) (1957) мүшесі.

Табиғаты

Аумағының 1/3 бөлігіне жуығын Атлас таулары (ең биік жері – 1544 м) мен тауаралық үстірт (Солтүстік және Биік Тель) алып жатыр, қалған бөлігінде қыраттар мен ойпатты жазықтар басым. Фосфорит, мұнай, темір кентастарының кен орындары бар. Елдегі ең ірі Меджер өзені жер суару мен электр қуатын өндіруге пайдаланылады. Тауларда мәңгі жасыл ормандар, маквис тектес бұталар, жазықтарда – сирек шөптесін өсімдіктер өседі. Ашкель, Бу-Хедма, т.б. ұлттық бақтары бар.

Климаты

Тунистің көп бөлігінің климаты – жерортатеңіздік субтропиктік, оңтүстігінде – тропиктік. Солтүстігінде қаңтар айының орташа температурасы 10°С, шілдеде 26°С болса, оңтүстігінде тиісінше 21 және 33°С. Жауын-шашынның ең көп мөлшері (жылына 1000 – 1500 мм) таулар мен солтүстік Тель үстіртіне, солтүстік пен Оңтүстік бөлігінде 400-ден 600 мм-ге дейін түседі.

Тарихы

Біздің заманымыздан бұрын 12 ғасырда Тунис аумағында финикиялық колониялар пайда болды. Олардың ішіндегі негізгісі – Карфаген. Біздің заманымыздан бұрын 2 ғасырда римдіктер Тунистің солтүстік-батыс бөлігін, кейіннен қалған бөлігін жаулап алды. 5 ғасырдан бастап Тунис вандалдардың, соңынан Византияның билігінде болды.

8 ғасырдан бастап Араб халифатының құрамына енді. 909 – 1160 жылы Тунис Фатимидтер мемлекетінің, 1229 – 1574 жылы Хафсидтер әулетінің билігінде болды.

1574 – 1881 жылы Осман сұлтандығының құрамына кіріп,

1881 – 1956 жылы француз протектораты. 1956 жылдың наурызынан бастап тәуелсіз мемлекет.

Экономикасы

Тунис – Африкадағы салыстырмалы түрде дамыған тау-кен өнеркәсібі бар аграрлы ел. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы жылдық мөлшері 1820 АҚШ долларына тең (2003). Тунис экономикасының негізін мұнай, фосфорит өндірісі мен туризм құрайды. Ел аумағының 32%-ы ауыл шаруашылығына қолайлы.

Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Бидай, қара бидай, зәйтүн ағашы, құрма, цитрустық жемістер, жүзім өсіріледі. орталығы және Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы басым (қой, ешкі, ірі қара мал). Аздаған мөлшерде ағаш дайындалады.

Балық кәсіпшілігі (жылына 84 т), электр өндірісі, өңдеуші өнеркәсіп дамыған. Қолөнер өндірісі (кілемдер, қышқұмыра бұйымдары) бар. Негізгі порттары: Тунис, Сфакс, Бизерта, Габес, Сехира. Экспортқа тоқыма, тері, фосфорит, эәйтүн майын, шарап, ерте пісетін көкөніс, мұнай мен мұнай өнімдерін шығарады.

Машиналар мен құрал-жабдықтар, азық-түлік пен тұтыну тауарларын әкеледі. Негізгі сауда серіктестері: Франция, Италия, Германия, АҚШ, Бельгия, Ливия, Жапония.[4]

Дереккөздер

  1. National Institute of Statistics-Tunisia. National Institute of Statistics-Tunisia (2019). Басты дереккөзінен мұрағатталған 4 қыркүйек 2015.
  2. a b c d Tunisia. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  4. «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Kembali kehalaman sebelumnya