Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Банан

Кавендиш сорты
Банан
Пісіп тұрған банандар (Вьетнам)

Банан (лат. Musa) — Банан тұқымдасының өсімдіктерінің жемістерінің жалпылай атауы. Көбіне Musa acuminata, Musa paradisiaca, Musa balbisiana, Musa fehi, Musa troglodytarum биологиялық түрлерінің жемістері. Сондай-ақ, банан деп Ensete ventricosum [1][2] түрінің жемісін айтады.

Ботаникалық сипаттамасы

Банан жемістердің ботаникалық жіктеуі бойынша жидек болып есептеледі[3]. Бананның дәндері көп, сыртқы қабаты қалың болады. Ауыл шаруашылығында мәдени сұрыпты тұқымдар түрлерінің жемістерінде дәндер болмайды.

Орташа ұзындығы 15 см, диаметрінде 3-4 см болады.

Жемістер 300 данаға дейін шоғырланып өсіп, жалпы салмағы 50—60 кг-ға дейін жетеді.

Банан ағаш дақылдарына ұқсас аласа сидамды, биіктігі 1,5 — 8 м-ге дейін, жапырақтары өте үлкен — ұзындығы 1,5 — 3 м, ені 0,6 — 1 м. Гүлі дара және қос жынысты, жемісі — қабығы қалың жидек. Тропиктік және субтропиктік Африкада, Азия және Австралияда бананның 60 — 70 түрі бар. Банан вегетативтік жолмен көбейеді, мәдени сұрыптары тұқым байламайды. Банан тәтті және крахмалды болып екі топқа бөлінеді. 95 кг жемісі жас кезінде пайдаланылатындары тәтті сұрыптарына жатады. Жемістері тәтті, дәмді. Өнімділігі жоғары: бір сабақта жалпы салмағы 50 — 60 кг 300-дей жеміс өседі. Ол тропиктік аудандардың халқы үшін бағалы тағам, әрі шетелге шығарылатын өнім. Жер жүзіндегі жеміс дақылдарының ішінде жалпы өнімі бойынша банан екінші орын алады (жылына 55 — 60 млн. т). Жемісінің құнары бидаймен тең келеді, құрамында 22 — 25% көмірсулар, 14 — 22% қант, 5 — 8% крахмал, 1 — 1,5% ақуыз, 0,5% май, сонымен қатар минералды тұздар, А, В, С, Р витаминдері бар.Банан жемістерін жас күйінде және кептіріп те жеуге болады, одан банан ұны, консерві, мармелад, шәрбат, шарап дайындалады. [4]

Дереккөздер

  1. Morton, Julia F.,Fruits of Warm Climates[1],Florida Flair Books,1987,29–46 беттер,,505 бет,isbn=978-0961018412
  2. Grattan. F. J. H.,An Introduction to Samoan Custom[2],Apia, Western Samoa,Samoa Printing & Publishing,1948,69 бет
  3. Fruit Identification Outline Мұрағатталған 20 қарашаның 2011 жылы.
  4. Қазақ Энциклопедиясы
Kembali kehalaman sebelumnya