Сан-Томе және ПринсипиКоординаттар: 0°14′01″ с. е. 6°36′46″ ш. б. / 0.23361° с. е. 6.61278° ш. б. (G) (O) (Я)
Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы (порт. República Democrática de São Tomé e Príncipe [sɐ̃ũ tu'mɛ i 'pɾı̃sɨpɨ]) — Орталық Африканың батыс жағалауындағы Сан-Томе және Принсипи аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 1001 км², астанасы — Сан-Томе қаласы. Халқы 160 мың (2000), негізінен африкалықтардан және португалдардан тұрады
Сан-Томе және Принсипи - ең кішкентай португал тілінде сөйлейтін мемелекет. ГеографиясыСан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы - аймақ бойынша, Африкада Сейшель аралдардан кейін ең кішкентай мемелекет. Сан-Томе және Принсипенің аралдары Габонның солтүстік-батыс жағалауынан шамамен 300 және 250 шақырымдай экваторлық Атлантикада орналасқан. Сан-Томе және Принсипи жері негізінен базальт қабаттарынан түзілген Сөнген вулкан конустары (ең биік жері 2024 м, Сан-Томе аралында) жақсы сақталған. Бұлардың кратерлерінде шағын көлдер пайда болған. Принсипи аралының климаты экваторлық, ылғалды келеді. Сан-Томе аралында экваторлықтан бірте-бірте жаңбырлы және қуаң маусымдары кезектесіп отыратын тропиктік климатқа ауысады. Жыл бойғы орташа температура 23° – 27°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 1000 — 3000 мм. Көпшілік жерінде ылғалды экваторлық қалың орман өседі. Өзен сағаларында мангралық өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Жануарлар дүниесі бай емес. Ормандарда маймылдар — гверец, дрил, макака бар. Құстың көптеген түрі кездеседі. Әр түрлі тасбақа, хамелеон, жыландар, сондай-ақ шаянтәрізділер және моллюскалар тіршілік етеді. ТарихыСан-Томе және Принсипиді 1471 ж. португалдар өз иелігіне айналдырды. 15 — 16 ғ-ларда Анголадан, Мозамбиктен, Жасыл Мүйіс аралдарынан қант плантацияларында жұмыс істету үшін африкалық құлдар көптеп әкелінді. 16 — 17 ғ-ларда Сан-Томе аралы Африка, Вест — Үндістан және Бразилия аралығындағы құл саудасында маңызды өтпелі база болды. Жергілікті тұрғындар португал отаршыларына қарсы 16 ғ-дың басында-ақ күреске шықты. Бұл көтерілістер әр түрлі үзілістермен 1953 жылға дейін созылды. Бірте-бірте бұл көтерілістер ұйымдасқан сипат алып, ұлт-азаттық қозғалысқа айналды. Азаттық қозғалысын 1960 ж. құрылған Сан-Томе және Принсипиді азат ету к-ті басқарды. 1974 ж. қарашада қозғалыс делегациясы мен португал үкіметінің өкілдері Сан-Томе және Принсипиге тәуелсіздік беру туралы келісімге қол қойды. Сол жылы өтпелі үкімет құрылды. 1975 ж. 12 шілдеде Ұлттық жиналыс Сан-Томе және Принсипиді тәуелсіз демократиялық республика деп жариялады. ЭкономикасыСан-Томе және Принсипи өнеркәсіп салалары дамымаған аграрлы ел. Ұлттық табыстың көпшілік бөлігі а. ш-нан түседі. Экономикасы елдің бұрынғы метрополиясы Португалиямен тығыз байланысты. Басты дақылдары мен жемістері — какао, кофе, майлы және кокосты пальма, банан. Елдің ішкі қажеті үшін тары, маниок, жүгері, ямс егіледі. Мал шаруашылығы, егіншілікке қосалқы рөл атқарады. Балық ш. дамыған. Теңізден тасбақа, сегізаяқ, ұлу, т.б. ауланады. Экспортқа какао, кофе, банан, пальма майын шығарады. Импортының негізін өнеркәсіп, мұнай және тамақ өнімдері, құрылыс материалдары, электроника құрайды. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. шамамен 1000 АҚШ долларына тең. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, ГФР, Нидерланд, Қытай. Ішікі Политикасы1972 жылы Африка Одағы Ұйымы MLSTP / PCD-ті мойындады, бірақ 1975 жылы тәуелсіздік алғанға дейін Сан-Томе мен Принсипи Португалия арқылы сыртқы байланыстарды жүзеге асырды. Тәуелсіздік танылғаннан кейін Сан-Томе мен Принсипи Шығыс блокпен қарым-қатынасты жақсартуға тырысты, бірақ көрсетілген көмек көлеміне қанағаттанбау бұл елді басқа одақтастар іздеуге мәжбүр етті. Нәтижесінде Сан-Томе және Принсипи президенті Мануэль Пинто да Костаның Габон президенті Омар Бонгомен кездесуі елдер арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына әкелді. Мануэль Пинто да Коста да сыртқы істер және жоспарлау министрлерін ауыстырды, өйткені екеуі де солшыл саясаткерлер болды. Сан-Томе мен Принсипидің Батыс әлемінің көмегіне толықтай дерлік тәуелділігі, кеңестік көмектің жеткіліксіздігінен және африкалық көршілермен қарым-қатынастың жақсаруынан көңілі қалуымен бірге сыртқы саясаттың қайта бағдарлануына ықпал етті [12]. Дереккөздер
Сілтемелер
Үкімет сайттары
|