Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Тапиока

Тапиока — маниока түбірінен алынған крахмалдан дайындалатын саго типтес жарма; Шар пішінді жартылай түссіз, маниоки тамырларынан алынатын крахмал тәрізді экстракт түйіршіктер. Ауру адамдарға және балаларға диеталық тағам ретінде қолданылатын құнарлы, нәзік ботқа тәрізді тағам. Жылдам қайнатылады. Батыс Еуропа елдерінде сорпаға, көжеге салынады және антреме деген тағам дайындалынады. Ботқа пісіру үшін 1 л суға 70—75 г тапиока қажет. Тапиока Бразилия, Гайяна және Антиль аралдарындағы елдерде шығарылады. Куба тапиокасы да бар.[1]

Тағамдық Құндылығы

Тапиока құрамында 10-14% су, шамамен 3%-шикі ақуыз, 2,5%-май, 3,5-4,0%-талшық, 3,5-4,5%-күл, 80-83% органикалық заттар. , олар негізінен крахмалдан тұрады.

Шикі протеиннің құрамында «шын» ақуыздың шамамен 50%, ал қалғаны белокты емес азот. Тапиока протеинінің құндылығы аз: оның құрамында метионин, цистеин, лизин және басқа да маңызды аминқышқылдары аз. Тапиока майында қанықпаған май қышқылдары аз, сондықтан тапиока диетасына өсімдік майын қосу оның тағамдық құндылығын айтарлықтай жақсартады.

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: К54 Қоғамдық тамақтандыру.— Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 232 бет.ISBN 9965-36-414-1


Kembali kehalaman sebelumnya