Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Маврикий

Координаттар: 20°16′00″ о. е. 57°35′00″ ш. б. / 20.26667° о. е. 57.58333° ш. б. / -20.26667; 57.58333 (G) (O) (Я)
Маврикий Республикасы
ағылш. Republic of Mauritius
фр. République de Maurice
маврикий креоль Repiblik Moris
маратхи मॉरीशस गणराज्य
Герб Маврикий
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Stella Clavisque Maris Indici (Үлгі:Tr-la
Маврикий мемлекеттік әнұраны
Тарихы
Тәуелсіздік күні 12 наурыз 1968 жыл (Ұлыбританиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері , ағылшын тілі және Француз тілі
Елорда Порт-Луи
Ірі қаласы Порт-Луи
Үкімет түрі Парламенттік республика
Президент м.а.
Вице-президенті
Премьер-министрі
Барлен Вьяпури
Барлен Вьяпури
Правинд Джагнот
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 170-шы орын
2 040 км²
0,07
Жұрты
• Сарап (2018)
• Санақ (2011)
Тығыздығы

1 265 577[1] адам (156-шы)
1 233 000 адам
618,24 адам/км² (19-шы)
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

31,935 млрд.[2] $ (133-ші)
24,966[2] $ (61-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2019)
 • Жан басына шаққанда

14,889 млрд.[2] $ (129-шы)
11,640[2] $ (64-ші)
АДИ (2017) 0,790[3] (жоғары) (65-ші)
Валютасы Маврикий рупиясы
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .mu
ISO коды MU
ХОК коды MRI
Телефон коды +230
Уақыт белдеулері UTC+04:00 және Indian/Mauritius

Маврикий (ағылш. Mauritius, фр. Maurice), ресми Маврикий Республикасы (ағылш. Republic of Mauritius, фр. République de Maurice) — Үнді мұхитындағы аралдардан құралған мемлекет. Африканың оңтүстік-шығыс жағалауынан шамамен 2000 км қашықтықта орналасқан. Астанасы әрі ең ірі қаласы — Порт-Луи.

Маврикийдің ескі жалауы
Маврикий

Маврикий — ұлттардың "қоспасы". Олар мұнда көптеген ғасырлар бойы дүниедегі басқа құрлықтар мен елдерден: Еуропадан, Азиядан және Мадагаскардан келген. Олар өздерімен бірге өздерінің әдет-ғұрыптарын, тілдерін, діни наным-сенімдерін ала келді.

Мемлекеттік құрылысы

Әкімшілік бөлінісі

Маврикий 9 округке және 3 территорияға бөлінеді.

Климаты

Климатытропиктік, ыстықты оңтүстік-шығыстан соққан пассаттар әлсіретеді. Маврикийде екі: сөуірден қыркүйекке дейін созылатын қысқы (ауаның орташа темпертурасы түнде +17°С, күндіз +23°С) және қазаннан наурызға дейін созылатын жазғы (ауа температурасы түнде +25°С, күндіз +30, ылғалдығы 80%, жағалаудағы судын температурасы 20—26°С аралығында) маусым байқалады. Аралда салқын маусымдар болмайды.

Теңіз жағалаулары әрқашан тыныш, арал су асты жартастарының тұтас бөгетімен қоршалған. Көптеген тропиктік елдерден айырмашылығы — Маврикий құрғақ, жауыннан кейін де ылғалдың молдығы сезілмейді.[4]

Тарихы

Маврикий аралы араб саяхатшыларына 10 ғ-дан белгілі. 16 ғ-ға дейін халых мекендемеген. 16 ғасырдың басында бірінші болып португалдықтар келді. 1598 ж. аралдары голландықтар иемденіп, Шығ. Африкадан құлдар әкеле бастады. 1715 ж. Маврикийді Франция, 1810 жылы Ұлыбритания жаулап алды. Аралда 1695, 1724, 1732 және 1794 жылдпры отаршылдарға қарсы ірі-ірі көтерілістер болды. 1935 ж. 1936 ж. алғашқы саяси партия—лейбористік партия (ЛП) ұйымдастырылды. Маврийкидеде ұлттық үкімет 1964 ж. құрылды. Аралдағы ұлт-азаттық қозғалысының дүмпуімен, 1965 жылы Лондон конституциялық конференциясында Маврийкигеге 1966 жылдан кешіктірмей тәуелсіздік беру туралы шешім қабылданды. Бірақ Ұлыбритания бұл шешімді әр түрлі сылтаумен кейінге қалдырып, жүзеге асырмады. Тек 1968 жылгы 12 наурызда Ынтымақ елдері көлемінде тәуелсіздік алды. 1969 ж. Маврийкийде ЛП, Маврикий с.-д. партиясы (1955 ж. құрылған) және мұсылмандық әрекет комитеті партиясыныц (1958 ж. құрылған) үкімет коалициясы ұйымдастырылды. 1970-71 жылдары елде ірі-ірі ереуілдер болды. 1971 жылдың желтоқсан айынан бастап Маврийкиде төтенше жағдай жарияланып ол 1978 жылдың наурыз айына дейін созылды. 1992 жылдың 12 наурызынан бастап Маврикий Республикасы атанды.

Экономикасы

Өнеркәсібі — қант құрағы мен шәй жапырағын өңдейтін, кеме жөндейтін кәсіпорындардан құралады. Жүк тасымалында теңіз транспортының үлесі басым. Соңғы кезде офшор аймағы ретінде банк бизнесі дамып келеді. Сол сияқты балық және теңіз өнімдерін өңдеу дамуда.

Дереккөздер

  1. Population and Vital Statistics Republic of Mauritius, January – June 2018. Statistics Mauritius. Тексерілді, 24 желтоқсан 2018.
  2. a b c d World Economic Outlook Database, October 2018. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
  4. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5
Kembali kehalaman sebelumnya