Координаттар: 11°48′00″ с. е. 42°26′00″ ш. б. / 11.80000° с. е. 42.43333° ш. б. / 11.80000; 42.43333 (G) (O) (Я)
Джибути Республикасы араб.: جمهورية جيبوتي (Джумхурият Джибути) фр. République de Djibouti
|
|
Ұран: «Unité, Égalité, Paix»
|
Әнұран: «Flag song» (тыңдау (ақп.))
|
|
Тарихы
|
Тәуелсіздік күні
|
27 маусым 1977 жыл (Франциядан)
|
Мемлекеттік құрылымы
|
Ресми тілдері
|
араб тілі, француз тілі
|
Елорда
|
Джибути
|
Ірі қаласы
|
Джибути
|
Үкімет түрі
|
Президенттік республика
|
Президенті Премьер-министрі Ассамблея төрағасы
|
Исмаил Омар Гелле Абдулкадер Камил Мохамед Мохамед Али Хоумед
|
Мемлекеттік діні
|
Ислам
|
Географиясы
|
Жер аумағы • Барлығы • % су беті
|
Әлем бойынша 146-шы орын 23 200[1] км² 0,09
|
Жұрты • Сарап (2016) • Тығыздығы
|
942 333 адам 37,2 адам/км² (168-ші)
|
Экономикасы
|
ЖІӨ (АҚТ) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда
|
3,974 млрд.[2] $ 3,788[2] $
|
ЖІӨ (номинал) • Қорытынды (2018) • Жан басына шаққанда
|
2,187 млрд.[2] $ 2,084[2] $
|
АДИ (2015)
|
▲ 0,473[3] (төмен) (172-ші)
|
Валютасы
|
Джибути франкы
|
Қосымша мәліметтер
|
Интернет үйшігі
|
.dj
|
ISO коды
|
DJ
|
ХОК коды
|
DJI
|
Телефон коды
|
+253
|
Уақыт белдеулері
|
3
|
Джибути (араб.: جيبوتي), ресми атауы Джибути Республикасы (араб.: جمهورية جيبوتي) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі.
Тарихы
Қазіргі Джибутидің аумағы VII ғ.-да араб сұлтандарының билігіне көшті. XIX ғ.-да аумақты Франция отарлап, мемлекетке ресми түрде Француз Сомали Жағасы атын берді (кейін - афарлар мен иссалардың француздық аумағы).
Саяси құрылымы
Президенттік республика. Президент үкімет басшысы және Қарулы күштердің Жоғары Бас Қолбасшысы. Заң шығару функциясын 5 жылға сайланатын бір палаталы Ұлттық жиналыс атқарады. Атқарушы билікті президентке бағынышты министрлер Кеңесі атқарады.
Әкімшілік жіктеу
Ел аумағы 5 аймақтан және 1 қаладан тұрады.
Экономика
Ел экономикасы көбіне теңізшілікке негізделген. Астанасы Джибути негізі қаланғалы бері Эфиопиямен арадағы негізгі теңіз порты болып табылады.
Экспорт: тері, үй жануары, кофе
Импорт: тағамдар, сусындар, көлік, мұнай өнімдері, электроника. Саудадағы серіктестері - Франция, Эфиопия, Жапония.
Білімі
15 жастан асқан халықтың сауаттылығы 68% (2003 жылғы есеп). Джибути халқы жас, шамамен 40% 15 жасқа дейінгілер. Тәуелсіздік алғанға дейін халықтың басым бөлігі сауатсыз болса, 1969 жылы республика бойынша 26 бастауыш, 3 орта және 2 техникум болды.
Мектептегі білім тегін. Білім беру шығындары ЖІӨ-нің 3,6% құрады (2018 ж.).
2006 жылы Джибути университеті құрылды, оған дейін студенттер шетелде оқуға мәжбүр болды. Электронды кампус 2014 жылы іске қосылды.
Халқы
Негізгі этникалық топтары - исса, афар және солтүстік сомалилік тайпалар.
Дереккөздер