Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Судан

Координаттар: 13°45′00″ с. е. 30°22′00″ ш. б. / 13.75000° с. е. 30.36667° ш. б. / 13.75000; 30.36667 (G) (O) (Я)
Судан Республикасы
араб.: جمهورية السودان
ағылш. Republic of Sudan
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Жеңіс біздікі (an-Nasru la-naa)»
Әнұран: «Nahnu jundu l-Laahi, jundu l-watan» (тыңдау )
Тарихы
Тәуелсіздік күні 1 қаңтар 1956 жыл (Ұлыбритания және Мысырдан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілдері араб тілі, ағылшын тілі
Елорда Хартум
Ірі қалалары Хартум, Омдурман, Солтүстік Хартум, Ньяла, Порт-Судан
Үкімет түрі Әскери хунтаның бақылауындағы президенттік республика
Судан өтпелі
Әскери одағының төрағасы

Бірінші
вице-президенті
Екінші
вице-президенті
Премьер-министрі
Абдель Фаттах аль-Бурхан
бос
бос
бос
Мемлекеттік діні Ислам Әһл әс-Сунна бағыты
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
Әлем бойынша 15-ші орын
1 886 068 км²
Жұрты
• Сарап (2016)
• Санақ (2008)
Тығыздығы

39 578 828 адам (35-ші)
30 894 000 (күмән бар)[1] адам
21,3 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

197,825 млрд.[2] $
4,700[2] $
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

138,090 млрд.[2] $
3,459[2] $
АДИ (2017) 0,502[3] (төмен) (167-ші)
Валютасы Судан фунты (SDG)
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .sd
ISO коды SD
ХОК коды SUD
Телефон коды +249
Уақыт белдеулері UTC+3:00, UTC+2 және Africa/Khartoum

Судан (араб.: السودان‎), толық атауы — Судан Республикасы (араб.: جمهورية السودانДжумхурийат ас-Судан) — Африканың солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы жағынан (2,5 млн. км²) Африкада 1-орын, әлемде 10-орында. Халқы – 40,2 млн. (2004) адам. Халқының жартысына жуығын арабтар, қалғандарын нубийлер, бежалар, динкалар, нуэрлер, шиллуктер, т.б. халықтар құрайды. Ресми тілі – араб тілі. Тұрғындарының 70%-ы мұсылмандар, 10%-ы христиандар, өзгелері жергілікті діни наным-сенімдерді ұстанады. Астанасы – Хартум қаласы (2,9 млн.). 25 провинцияға бөлінеді, Хартум қ. жеке әкімш. бірлік болып саналады. Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 1 қаңтар (1956). Ақша бірлігі – Судан динары. БҰҰ-ның (1956), Африка одағы (1963), Араб мемлекеттері лигасы (1956), Ислам конференциясы ұйымы, т.б. халықаралық ұйымдардың мүшесі. Мемлекет басшысы – президент, заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея), атқарушы билік – Министрлігі Кеңесі.

Жері негізінен үстіртті (300 – 1000 м). Орталық бөлігі тегіс жазықты болып, батыс бағытындағы Кордофан және Дарфур таулы үстірттеріне қарай біртіндеп биіктейді. Елдің шығыс бөлігін – Эфиопия, ал оңтүстік жағын Орталық Африка таулы қыратының сілемдері алып жатыр. Ең биік жері – Киньети шыңы (3187 м). Пайдалы қазбалары – темір, мыс, хром кентастары, алтын, мәрмәр, т.б. Елдің солтүстік тропиктары, орталық және оңтүстік бөлігі – субэкваторлық белдеулерде орналасқан. Солтүстік-Сахара және Нубия тропиктер шөлдері, ал экваторлық муссонды климатты оңтүстіктін – саванна табиғат зонасы алып жатыр. Ауаның орташа температурасы 15 – 35°С. Жылдық жауын-шашын мөлш. солтүстігінде 100 мм-ге жуық, оңтүстік бөлігінде 1400 мм-ден асады. Жер аумағын оңтүстіктен солтүстікке қарай Ніл өзені кесіп өтеді. Оның басты салалары – Атбара, Собат, Бахр-әл-Жебел, Ақ Ніл және Көк Ніл өзендері. Сұр топырақты солтүстігіндегі шөлді және шөлейтті өңірлерінде өсімдік жамылғысы аз, негізінен қара жусан, сораң, эфемерлер мен астық тұқымдас өсімдіктер және тікенекті бұталар өседі. Оңтүстікке қарай қызғылт қоңыр және қызыл ферралиттік топырақты саванналарда – баобаб ағашы, пальма, акация, қараған, сүттіген, т.б. өсімдіктер кездеседі. Шығыс және оңтүстігіндегі таулы үстірттер мен өзен аңғарларын тропиктік ормандар алып жатыр. Бөкен, маймыл, жираф, арыстан, қабылан, піл, шибөрі, қолтырауын, т.б. аң-құстар мен бауырымен жорғалаушылар түрлері кездеседі. Оларды қорғау мақсатында Диндер, Саутерн, Нимулс, Эрковит ұлттық бақтар мен қорықтар ұйымдастырылған.

Судан жерін адамдар ежелгі тас дәуірінен бастап мекендеген. Көне Мысыр деректерінде б.з.б. 4 – 3-мыңжылдықтағы бұл аймақ Куш елі, кейіннен (10 ғ-дан бері) Нубия деп аталған. Ол тұста қазіргі Судан жерінің едәуір бөлігін ежелгі мысырлықтармен туыстас семит-хамит және кушит тайпалары мекендеген. Б.з.б. 2-мыңжылдықта оларға оңт-тен келген негроидтер қосылды. Б.з.б. 16 – 12 ғ-ларда С. жерін Мысыр өзіне қаратып, ірі қалалар, бекіністер салды. Б.з.б. 8 ғ. шамасында жеке патшалық қалыптасып, орт. Напатада болды. Б.з.б. 6 ғ-дың 2-жартысында астана Мероэге көшті. Мұнда Африкадағы тұңғыш әліпби жазуы пайда болды (Мероэ тілі). Б.з.б. 4 ғ-дың басында Суданың едәуір бөлігін Аксум патшалығы басып алды. 6 ғ-да Суданға христиан діні тарап, 7 ғасырда бірнеше христиан мемлекеттері құрылды. 639 – 642 ж. Египетті жаулап алған арабтар Судан жеріне қоныстана бастады. Осыған байланысты Суданға ислам діні мен араб мәдениеті, жазуы, тілі тарады. 14 – 16 ғасырларда мұнда бірнеше мұсылман мемлекеттері құрылды. 16 ғ-да Суданың солтүстік ауддары Осман сұлтандығына қарады. 1820 – 22 ж. Судан жерінің көбін Египет билеушісі Мұхаммед Әли басып алды. 19 ғасырдың 2-жартысында Суданда ағылшын ықпалы күшейді. 1899 ж. Судан Ұлыбритания мен Египеттің бірігіп басқаратын аймағы деп жарияланды (кондоминиум), сөйтіп, Ағылшын-Египет Суданы деген атты иеленді. Қс жүзінде Судан ағылшын отарына айналып, негізінен мақта өндіруге бейімделді. 1-дүниежүз. соғыстан кейін елде бірнеше саяси-қоғамдық ұйымдар құрылып, ұлт-азаттық қозғалыс жандана түсті. 2-дүниежүз. соғыс кезінде Судан Ұлыбританияның Африкадағы аса маңызды әскери базаларының бірі болды. 1953 ж. 12 ақпанда Англия мен Египет келісімге келіп, Судандағы кондоминиум тәртібі жойылды. 1955 ж. желтоқсанда Судан парламенті 1956 ж. 1 қаңтардан елді тәуелсіз мемлекет деп жариялау туралы шешім қабылдады. 1958 ж. 17 қарашада елде әскери төңкеріс болып, демократиялық күштер қуғынға ұшырады. 1964 ж. басталған халық қозғалысы нәтижесінде билік басындағылар жиі ауысып тұрды, халық тұрмысы күрт нашарлады. 1986 ж. Суданда Азамат соғысы басталып, 1987 – 88 ж. халық ашаршылыққа ұшырады. 1989 ж. 30 маусымда кезекті әскери төңкеріс нәтижесінде билікке келген саяси топтар 1998 жылдың жазында жаңа конституция қабылдап, саяси партияларға жол ашты. 2002 ж. орталық үкімет шешімімен оңтүстік аймаққа ішкі автономия берілді. Азамат соғысы тек 2005 ж. көктемде аяқталды. Өз ішіндегі тартыстар нәтижесінде 4 млн-ға жуық судандық босқындар шетелдерде жүр.

Судан – аграрлы ел. Ауыл шаруашылығының негізгі саласы – егіншілік. Қант құрағы, құрма пальмасы, маис, т.б. өсіріледі. Негізгі азық-түліктік дақылдары – сорго, тары, бидай. Мал шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі сипатта дамыған. Негізінен ірі қара, түйе, қой мен ешкі (елде 70 млн-нан аса мал басы бар) өсіріледі. Елде мұнайдың аса ірі қоры барланған. Сыртқа – мұнай, күнжіт, мақта, жер жаңғағы (арахис), гуммиарабик, мал, мал өнімдері, алтын шығарылады. Басқа елдерден машина және өндіріс жабдықтары, азық-түлік, химия өнеркәсібінің өнімдері, өндірістік тұтыну тауарлары сатып алынады. Көлік кешені нашар дамыған. Өзен және теңіз қатынастары дамыған. Елдің ең ірі теңіз порты – Порт-Судан қ. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 1360 АҚШ долл. Негізгі сауда серіктестері – араб мемлекеттері, Африка және Азия елдері.

Дереккөздер

  1. Discontent over Sudan census, News24 (21 May 2009). Тексерілді 8 шілденің 2011.
  2. a b c d Sudan. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
Kembali kehalaman sebelumnya