Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Ангола

Координаттар: 12°21′00″ о. е. 17°21′00″ ш. б. / 12.35000° о. е. 17.35000° ш. б. / -12.35000; 17.35000 (G) (O) (Я)
Ангола
порт. República de Angola
Байрақ Елтаңба
Ұран: «Virtus Unita Fortior»
Әнұран: «Алға, Ангола!»
Тарихы
Тәуелсіздік күні 11 қараша 1975 жылы (Португалиядан)
Мемлекеттік құрылымы
Ресми тілі португал тілі
Елорда Луанда
Ірі қалалары Луанда, Кабинда, Уамбо, Лубанго, Квито
Үкімет түрі Президенттік республика
Президенті
Вице-президенті
Ұлттық ассамблея
басшысы
Жуан Лоренсу
Борниту ди Соуза
Фернанду Сантуш
Географиясы
Жер аумағы
• Барлығы
• % су беті
Әлем бойынша 22-ші орын
1 246 700 км²
аз мөлшерде
Жұрты
• Сарап (2017)
• Санақ (2014)
Тығыздығы

29 310 273 адам (46-шы)
25 789 024[1] адам
20,69 адам/км²
Экономикасы
ЖІӨ (АҚТ)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

198,821 миллиард[2] $ (64-ші)
6,850[2] $ (107-ші)
ЖІӨ (номинал)
 • Қорытынды (2018)
 • Жан басына шаққанда

112,533 миллиард[2] $ (61-ші)
4,101 $ (91-ші[2])
АДИ (2017) 0,581[3] (төмен) (147-ші)
Этнохороним анголалық, анголалықтар
Валютасы кванза
Қосымша мәліметтер
Интернет үйшігі .ao
ISO коды AGO
ХОК коды ANG
Телефон коды +244
Уақыт белдеулері +1

Ангола (порт. Angola), ресми атауы Ангола Республикасы (порт. República de Angola) — Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2. Астанасы — Луанда (1,5 млн., 1990 ж). Ірі қ-лары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Халқы — 33 836 670 млн. Олар батуконго және батыс банту этник. топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі — португал тілі. Халықтың 80 -тен астамы христиан дініне сиынады.

Табиғаты

Ангола аумағының басым бөлігі үстіртті, таулы келеді. Теңіз жағалауы ойпатты (ені 100 км-дей). Климаты — экваторлық муссондық және тропиктік пассаттық. Қаңтар айының орташа темп-расы 200-25С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 1000-1500 мм., теңіз жағалауында 250 мм. Үлкен өзендері: Кванго, Касаи, Кунене, Кванза. Таулы үстірттің солт-ін қалың орман, ал оңтүстігін қуаңшылықта жапырағы түсіп қалатын сирек бұталы саванна (ағаш пен бұта өсетін шөл дала) алып жатыр, батыс беткейінде мәңгі жасыл тропиктік ағаштар өседі.

Тарихы

Анголаның ежелгі және орта ғ-лардағы тарихы толық зерттелмеген. 15-17 ғ-да мұнда Гола-ан-Данго, Конго, Луанда аталатын мемлекеттер болғаны белгілі. Олар туралы алғашқы мәліметтерді Еуропалық саудагерлер, саяхатшылар қалдырған. Сауда жұмыстарымен келген португалдықтар тұрғылықты халықты тонап, шауып кетіп отырған. Түрлі әдістермен жергілікті көсемдерді құлдар сатуға әуестендіріп, кейін күшпен бағындыруға кіріскен олар біртіндеп өз билігін тікелей жаулап алу арқылы орната бастады. Сөйтіп бүкіл Ангола 15 ғ-да португалдықтардың отарына айналды. Төрт жүз жылға созылған құл сату жүйесі Анголаны әбден қансыратты. Миллиондаған Ангола азаматтары Америка, Еуропаға сатылды. Өз еліндегі жергілікті халық та адам төзгісіз қанау мен қорлауды бастан кешті. Ангола Африкадағы ең артта қалған елдердің қатарында болды. 1961 ж. ақпанда Луанда қаласында Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс ұйымы (МПЛА) қарулы көтеріліс бастады. Ұлт-азаттық күрес қиын кезеңдерді басынан өткерді. Оған тайпалық, саяси бақталастық себептерінен жікшілдік және шетелдік арандатушылық әрекеттер араласты. Әйтсе де қиыншылықтарды біртіндеп жеңе білген МПЛА (Анголаны азат ету жолындағы бүкілхалықтық қозғалыс) біртіндеп ұлт-азаттық күресінің негізгі күшіне айналды. Қозғалыс көптеген елдерден қолдау тапты. Анголаның азат болған аудандарында МПЛА халық үкіметін орнатып, әлеум. шаралар жүргізе бастады. Ангола халқы қарулы соғысының Португалияның басқа отарлары — Гвинея-Бисау мен Мозамбиктегі азаттық соғыстарымен байланыса әрекет етуі отаршылардың күшін әлсіретті. 1975 ж. 11 қарашада Ангола патриоттары елдің ұлттық тәуелсіздігін жариялады. Алайда көтерілісшілердің түрлі партиялары арасында билік үшін талас басталып, ол азамат соғысына ұласты. Аймақтық жанжалға айналған Ангола мәселесін реттеуге 80-жылдардың аяғында ғана сәтті қадамдар жасалып, 1989 ж. көкекте Ангола, Куба, АҚШ және ОАР алғашқы келісімге қол қойды. АҚШ, Португалия, КСРО араласқан азамат соғысын тоқтату әрекеттері нәтижесінде 1991 ж. 31 мамырда Лиссабон қ-нда МПЛА және УНИТА (Анголаны толық азат етудің ұлттық қозғалысы) ұйымдары бірнеше келісімге қол қойды. 1975 ж. қабылданған Ангола Конституциясына 1991 — 92 ж. біраз өзгеріс енгізіліп, көппартиялық тәртіп бекітілді. Бір жылдан кейін БҰҰ бақылауымен елде парламент және президент сайлауы өткізілді. Біраз уақыт тыныштық орнап, 1997 ж. Анголада тағы бүліншілік басталды. Екі билік орталығы арасындағы соғыс халықты әбден тұралатты. Азамат соғысы әлі күнге дейін жалғасып отыр (1998).

Экономикасы

Ангола — аграрлы ел. Өнеркәсібі нашар дамыған. Кофе, жүгері, қант, арахис, копра, мақта сияқты а.ш. өнімдері өсіріледі. Оңтүстік аудандарда мал шаруашылығы дамыған. Сыртқы саудада кофе мен алмас ерекше орын алады. Анголаның жер қойнауы кенге бай (мұнай, алмас, кварц, мәрмәр, мыс, темір). Мұнай айыру, цемент зауыттары, балық-консерв және мата тоқу кәсіпорындары бар. Ел экон-да шетел капиталы басым (АҚШ, Португалия, ГФР). 1995 ж. экспортқа шығарылған өнім — 3698 млн. доллар болса, импортпен келген өнім көлемі 729 млн доллар болды. Анголаның дүн. жүз. ішкі жиынтық өнімдегі үлесі 0,02%. Отарлық езгі салдарынан Анголаның ежелгі мәдениеті толық зерттелмеген.

Ангола қалалары

Анголаның үлкен қалалары:

Дереккөздер

  1. 2014 жылғы санақ (INE Angola) Мұрағатталған 6 мамырдың 2016 жылы.
  2. a b c d Report for Selected Countries and Subjects: Angola. International Monetary Fund.
  3. 2018 Human Development Report. United Nations Development Programme (2018). Тексерілді, 14 қыркүйек 2018.
Kembali kehalaman sebelumnya