ТонгаКоординаттар: 19°46′08″ о. е. 174°37′25″ б. б. / 19.76889° о. е. 174.62361° б. б. (G) (O) (Я)
Тонга (тонг. Tonga, ағылш. Tonga [ˈtoŋa]), ресми атауы — Тонга Корольдігі (тонг. Puleʻanga Fakatuʻi ʻo Tonga, ағылш. Kingdom of Tonga) – Тынық мұхиттың оңт. бөлігінде орналасқан мемлекет. Құрамына Тонга, Вавау, Хаапай, Тонгатапу, т.б. шағын аралдар (барлығы 172) енеді. Жер аум. 748 км2. Халқы 104 мың (2001). Ресми тілі – тонга және ағылшын тілдері. Тұрғындарының 50%-ға жуығы протестанттар, қалғандары католиктер мен жергілікті христиан-сектанттар (мормондар). Елде негізінен полинезиялық-тонгалықтар (98%), сондай-ақ ағылшындар, ағылшын-австралиялықтар тұрады. Мемлекет басшысы – король. Жоғ. заң шығарушы органы – бір палаталы парламент. Астанасы – Нукуалофа қ. (Тонгатапу аралында орналасқан). Ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күні – 4 маусым (1970). Әкімш. бөлініс жағынан 5 округке бөлінеді. Ақша бірлігі – паанга. Тонга – БҰҰ-ға, Британ Достастығына мүше. Табиғаты және климатыТонга аралдарының тізбесі су асты таулы жоталар үстінде орналасқан. Ең биік жері – 1031 м (Као аралында). Шығыс бөлігі терең сулы шұңғылмен қоршалған. Батыс тізбегі таулы жанартаулы аралдардан (ұз. 700 км), шығыс бөлігіндегі әктасты тізбегі атолдардан және маржанды аралдардан тұрады. Климаты тропиктік, теңіздік. Орташа айлық темп-расы 20 – 26С. Жылдық жауын-шашын мөлш. 2000 мм. Жері құнарлы, қызыл топырақты келеді. Аралдарда қалың ылғалды тропиктік орман өседі. Негізгі орман массиві – жанартаулы аралдарда. Жануарлар дүниесі кедей. Құстардың 30-дан астам түрі, жылан, кесіртке, теңіз тасбақасы мекендейді. Тонга аралдарын полинезиялықтар ежелден мекендеген. ТарихыШамамен 10 ғ-да алғашқы мемл. құрылым пайда болды. 1643 ж. Тонга аралдарын голланд теңізшісі А.Тасман ашты. 1773 ж. аралдарға капитан Д.Кук келіп, жергілікті халықтың жылы қабылдауын көргендіктен Қзгі ниет аралдары деп атады. 18 ғ-дың соңы – 19 ғ-дың басында аралға еур. миссионерлер келе бастады. 1845 ж. ұзаққа созылған Азамат соғысынан кейін аралдар біртұтас мемлекетке, тәуелсіз корольдікке айналды. 1900 ж. Т-да ағылшын протектораты орнады. Ел ағылшын консулының бақылауында болды. 1958 ж. Тонга автономиясы біршама кеңейтілді. Тонга үкіметі басқа елдермен сауда келісімін жасауға құқылы болды. 1968 жылғы келісім бойынша Ұлыбритания бақылауы біршама тежелді. 1970 ж. Тонга Британ Достастығы құрамында тәуелсіздігін жариялады. Тонга – аграрлы ел. ЭкономикасыЭкономикасының негізгі саласы – а. ш. Басты дақылдары – банан, кокос пальмасы, ванил бобы ағашы, копра, цитрус, ананас. Қшкі қажетке батат, маниок, ямс, таро, бақша дақылдары, көкөніс, манго егіледі. Қрі қара, шошқа, ешкі өсіріледі. Ұй құстарын өсіру мен балық аулау кәсібі дамыған. Өнеркәсіпте а. ш. шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары, ағаш кесу з-ттары, тігін фабрикалары жұмыс істейді. Темір, мыс, мырыш, күміс кен орындары ашылған, мұнай орындары барлануда. Туризм негізгі табыс көзі болып табылады. Автомобиль жолының ұз. 680 км. Басты теңіз порты (сауда орталығы) – Нукуалофа және Нейафу. Экспортқа копра, тропик. жемістер, сыра, теңіз өнімдерін, киім-кешек, шағын экскаваторлар шығарады. Сырттан тамақ өнімдері, өнеркәсіп тауарлары, машиналар мен көлік құралдары, минералдық майлар әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлш. 2790 АҚШ долл-ы. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Австралия, Жаңа Зеландия, Фиджи аралдары.[5] Дереккөздер
|