Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Шу ауданы (Қырғызстан)

Аудан
Шу ауданы
Чүй району
Әкімшілігі
Кіреді

Шу облысы

Әкімшілік орталығы

Тоқмақ

Тарихы мен географиясы
Жер аумағы

1592 км²

Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

47 017 [1] адам (2009)

Ұлттық құрамы

қырғыздар — 83,2 %,
орыстар — 6,9 %,
дүнгендер — 4,7 %

Ресми тілі

Қырғыз тілі

Шу ауданы картада

 Басқа мағыналар үшін Шу ауданы деген бетті қараңыз.

Шу ауданы (қыр. Чүй району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Солтүстігінде Қазақстанмен, шығысында Шу облысыныңКемин, батысында — Ыстықата ауданымен, оңтүстігінде — Нарын облысының Қошқар ауданымен шектеседі.

Әкімшілік орталығы — Тоқмақ қаласы, Шу ауданы құрамына кірмейді.

Ауданның жер көлемі 1592 км²[2].

Халқы

2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 47 017 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 39, 116 адам  (83,2 %) құрайды, орыстар — 3225 адам (6,9 %), дүнгендер — 2201 адам (4,7 %), әзербайжандар — 828 адам (1,8 %), қазақтар — 522 адам (1,1 %).

Ауданда дүниеге келгендер

  • Михаил Денисович Афанасьев (1923-1986) — Кеңес Одағының Батыры.
  • Насирдин Байтеміров (1916-1996) — қырғыз және кеңес ақыны, прозашы, драматург. Қырғызстанның Халық жазушысы (1986). Қырғыз КСР Халық ағарту ісінің үздігі. Тоқтоғұл Сатылғанов атындағы Қырғыз КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1984).
  • Исмаил Борончиев (1910-1978) — айтыскер ақын, Қырғыз КСР-інің халық әртісі (1958).
  • Ашыраалы Боталиев — опера және драма актері, Қырғыз КСР халық әртісі.
  • Жаманқұл Женчураев, — қырғыз совет жазушысы, шекарашы.
  • Үсенқұл Жұмабаев (1923-1976) — қырғыз кеңес мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткері, ақын.
  • Сұлтан Ыбырайымов — КСРО мемлекеттік және партия қайраткері, Қырғыз КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы, (1978-1980).
  • Қалмырза Сарпек ұлы — ақын.
  • Жайнақ Саадаев — КСРО мемлекеттік және партия қайраткері, Қырғызстан аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысы. 1937 жылы "халық жауы" деп айыпталып, қамауға алынып, ату жазасына кесілді, қайтыс болғаннан кейін ақталды. (1893-1937)
  • Келдіке Қарымшақов (1919-2003) — КСРО мемлекеттік және партия қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері.

Дереккөздер

  1. Перепись населения Киргизии 2009. Чуйская область (орыс.)
  2. Чуйский район // Энциклопедия Чуйской области = Чүй облусу энциклопедиясы. — Бишкек: Кыргыз Энциклопедиясынын Башкы редакциясы, 1994. — Т. 3. — С. 224. — 718 с. — ISBN 5-89750-083-5.

Сілтемелер

Kembali kehalaman sebelumnya