Алай ауданы
Алай ауданы (қыр. Алай району) — Қырғызстанның Ош облысындағы аудан. Аудан орталығы — Гүлчө (қыр. Гүлчө) ауылы. Аудан көлемі - 7582 км², яғни Ош облысы аумағының 26% құрайды. Алай ауданы екі аңғардың — Алай және Гүлчө аумағында орналасқан. Халқы1989 жылы Алай ауданы шекарасында (1959-1992 жылдары құрамына кірген Чоң-Алай ауданын қоса есептегенде) Бүкілодақтық халық санағы мәліметі бойынша 66 858 адам тұрды[2]. 2007 жылы аудан халқының саны 72110 адамды құрады, соның ішінде қырғыздар — 71901 адам немесе 99,6 %. Елді мекендеріАуданы 13 айылдық округке, 60 айылдық елді мекен бөлінген. Тарихы1928 жылы Алай-Гүлчө ауданы ретінде құрылды. 1936 жылы оны екі ауданға бөлді — Алай және Чоң-Алай. 1959 жылы екі аудан қайтадан біріктіріліп, Алай ауданы деп аталды. 1992 жылы Қырғызстан тәуелсіздігін жариялаған соң бұл аудан тағы да екі ауданға бөлінеді — шығысында Алай және батысында Чоң-Алай. 2008 жылы 5 қазанда аудандағы Нұра ауылында Рихтер шкаласы бойынша 8 балдық жер сілкінісі болды. 75 адам, оның ішінде 42 бала қаза тапты. ДереккөздерСілтемелер
|