Алабұқа ауданы
Алабұқа ауданы (қыр. Алабука району) — Қырғыз Республикасы Жалалабат облысындағы аудан. Әкімшілік орталығы — Алабұқа ауылы. ГеографиясыАудан Жалалабат облысының солтүстік-батысында, Өзбекстандағы Наманған облысының төрт ауданымен (Янги-Қорған, Қассансай, Чуст, Пап) шекаралас орналасқан. Шатқал ауданыының Өзбекстан шекарасына қарай терең еніп тұрған учаскесімен бөлінген екі бөліктен тұрады. Алабұқа ауданында Терексай өзені бойында алтынның көптеген шашыранды кенорындары, алтын және мыс кен орны (Бозымшақ), сурьма кенорны (Қассан) бар[2]. ТарихыАлабұқа ауданы (орталығы Алабұқа ауылы) 1936 жылы 2 тамызда Қырғыз АКСР-і құрамында[3][4], 1936 жылдың желтоқсанынан — Қырғыз КСР құрамында құрылды. В 1938-1939 жылдары Жалалабат округі құрамына, 1939 жылы 21 желтоқсаннан — Жалалабат облысы құрамына кірді. Жалалабат облысының Ош облысы құрамына өтуіне байланысты 1959 жылы 27 қаңтарда Алабұқа ауданы Жанги-Жол ауданы құрамына кіріп, бөлек әкімшілік бірлік болуын тоқтатты. Халқы2015 жылғы Қырғызстан халық санағының деректері бойынша жалпы халық саны 10 4518 тұрғын, қырғыздар — 90628 адам немесе 89,3 %, өзбектер — 7341 адам немесе 6,1 %, тәжіктер — 6549 адам немесе 4,6%. Әкімшілік бөлінуіАлабұқа ауданы құрамына 8 айылдық (ауылдық) округ кіреді[5]:
Дереккөздер
|