Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Араван ауданы

Аудан
Араван ауданы
Араван району
Әкімшілігі
Кіреді

Ош облысы

Әкімшілік орталығы

Араван ауылы

Тарихы мен географиясы
Уақыт белдеуі

UTC+6

Тұрғындары
Тұрғыны

106 134[1] адам (2009)

Ұлттық құрамы

өзбектер - 58,7%
қырғыздар - 39,6%
әзербайжандар - 0,7%
тәжіктер - 0,5%
татарлар - 0,1%

Ресми тілі

Қырғыз тілі

Араван ауданы картада

Араван ауданы (қыр. Араван району) - Қырғызстан Республикасының Ош облысы құрамындағы әкімшілік-аумақтық бірлік; облыстағы аумағы ең кішкентай аудан.

Әкімшілік орталығы — Араван ауылы.

Географиясы

Оңтүстігінде онымен Науқат ауданы, шығыстан Қара-Су ауданы шектеседі. Солтүстігінде Араван ауданы Өзбекстан Республикасымен шектеседі.

Екі эксклавтан тұрады — батыстағы кішілеу Араван және шығыста үлкендеу Араван, екеуінің арасын Науқат ауданы бөліп тұр[2].

Халқы

2009 жылғы Қырғызстан халқының санағы бойынша аудан тұрғындарының саны 106 134 адам, соның ішінде өзбектер - 62 281 адам немесе 58,7%, қырғыздар - 42   049 адам немесе 39,6%, әзербайжандар - 760 адам немесе 0,7%, тәжіктер - 542 адам немесе 0,5%, татарлар - 135 адам немесе 0,1%.

Елді мекендері

Ауданы 8 айылдық округ пен 48 ауылдық елді мекенге бөлінген [3]:

  • Алля-Анар айылдық округі (Араван, Аччи, Жаны-Араван, Қара-Бұлақ, Сасық-Үңкір);
  • Керме-Тау айылдық округі (Гүлбахор, Кичик-Алай, Күнделүк, Майдан-Тал, Мың-Теке, Сары-Бұлақ, Чогом);
  • Манғыт айылдық округі (Жаны-Арық, Кесек, Қызыл-Қорған, Мангит, Телейкен);
  • Нұрабад айылдық округі (Кайрагач-Арық, Қақыр-Пилтан, Лангар);
  • Тео-Мойын айылдық округі (Жеке-Мисте, Керкидан, Найман, Сары-Таш, Сырт, Хауз);
  • Тепе-Қорғон айылдық округі (Арап, Жаны-Жол, Интернационал, Кесов, Тепе-Қорған, Ұйғыр-Абад, Чертик, Янги-Абад, Янги-Юл);
  • Чек-Абад айылдық округі (Агроном, Жақшылык, Жар-Кышлак, Кочубаев, Кукалапаш, Максим-Тобу, Пахтачи, Телейкен);
  • Юсупов айылдық округі (Араван, Қаррақ, Қазан, Сүтқор, Эрке-кашка ).

Дереккөздер


Kembali kehalaman sebelumnya