Аудан | Аламүдін ауданы | Аламүдүн району | Әкімшілігі |
---|
Кіреді |
Шу облысы
|
---|
Әкімшілік орталығы |
Лебединовка ауылы
|
---|
Тарихы мен географиясы |
---|
Құрылған уақыты |
1974
|
---|
Жер аумағы |
3028 км²
|
---|
Уақыт белдеуі |
UTC+6
|
---|
Тұрғындары |
---|
Тұрғыны |
148 032 адам [1] адам (2009)
|
---|
Ұлттық құрамы |
қырғыздар — 58,5 %, орыстар — 25,2 %, ұйғырлар — 3,7 %
|
---|
Ресми тілі |
Қырғыз тілі
|
---|
|
Аламүдін ауданы (қыр. Аламүдүн району) — Қырғызстанның Шу облысы құрамындағы әкімшілік бірлік. Ел астанасы — Бішкек аудан аумағымен қоршалған, бірақ оның құрамына кірмейді.
Әкімшілік орталығы — Лебединовка ауылы.
Тарихы
1937 жылы Ворошилов ауданы болып құрылды. 1958 жылы атауы Аламедин ауданы болып ауысқан. 1990-шы жылдары аудан атауының жазылуы қазіргісіне өзгертілді.
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 148 032 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 86 550 адамды құрайды (58,5 %), орыстар — 37 312 адам (25,2 %), ұйғырлар — 5503 адам (3,7 %), қазақтар — 2161 адам (1,5 %), өзбектер — 2032 адам (1,4 %), күрдтер — 1907 адам (1,3 %), әзербайжандар — 1852 адам (1,2 %), түріктер — 1810 адам (1,2 %), татарлар — 1751 адам (1,2 %), украиндар — 1668 адам (1,1 %), корейлер — 1261 адам (0,8 %), немістер — 1141 адам (0,8 %).
Әкімшілік бөлінісі
Аламүдін ауданы құрамына 17 ауылдық округ пен 51 ауыл кіреді:
- Ақтөбе ауылдық округі: Қайырма (әкімшілік орталығы), Молдовановка ауылдары
- Алаарша ауылдық округі: Мраморное (әкімшілік орталығы), Рассвет ауылдары
- Аламүдін ауылдық округі: Аламүдін (әкімшілік орталығы), Садовое ауылдары
- Арасан ауылдық округі: Арасан (әкімшілік орталығы), Татыр ауылдары
- Бәйтік ауылдық округі: Бәйтік (әкімшілік орталығы), Аршалы, Байгелді, Басқарасу, Қасқасу ауылдары
- Васильевка ауылдық округі: Виноградное (әкімшілік орталығы), Васильевка, Полевое, Привольное ауылдары
- Гроздь ауылдық округі: Гроздь (әкімшілік орталығы), Атбасы, Бірлік, Вторая Пятилетка, Лесное ауылдары
- Көкжар ауылдық округі: Көкжар (әкімшілік орталығы) ауылы
- Қараағаш ауылдық округі: Қараағаш (әкімшілік орталығы), Бектау ауылдары
- Лебединовка ауылдық округі: Лебединовка (әкімшілік орталығы), Восток, Дачное ауылдары
- Ленин ауылдық округі: Ленинское (әкімшілік орталығы), Константиновка, Мықан ауылдары
- Маёвка ауылдық округі: Маёвка (әкімшілік орталығы) ауылы
- Октябрь ауылдық округі: Октябрьское (әкімшілік орталығы), Лубяное, Чуйское ауылдары
- Пригородное ауылдық округі: Пригородное (әкімшілік орталығы), Озёрное, Степное, Достық ауылдары
- Тасмойнақ ауылдық округі: Қойтас (әкімшілік орталығы), Бескүнгей, Горная Маёвка, Қызылбірлік, Подгорное, Прохладное, Тасмойнақ ауылдары
- Тастөбе ауылдық округі: Тастөбе (әкімшілік орталығы), Заречное, Малиновка, Сүйменқұл Шоқпаров ауылдары
- Төменгі Алаарша ауылдық округі: Төменгі Алаарша (әкімшілік орталығы) ауылы
Елді мекендер
Ірі елді мекендері: Лебединовка, Ленинское, Молдовановка, Байтик
[2].
Атақты адамдары
Ауданда дүниеге келгендер
- Ишембай Әбдірайымов (1914-2001) — ұшқыш, КСРО еңбек сіңірген ұшқышы.
- Алмазбек Атамбаев (1956 д.к.) — Қырғыз Республикасының Президенті (2011-2017), Премьер-министрі (2010)
- Иван Александрович Гришин (1918-1960) — Кеңес Одағының Батыры
- Бәкен Қыдыкеева (1923-1994) — театр актрисасы, КСРО халық әртісі (1970)
- Сайра Киізбаева (1917-1988) — опера әншісі, КСРО халық әртісі (1958)
- Дәркүл Күйікова (1919-1997) — театр және кино актрисасы, КСРО халық әртісі (1967)
- Исмаилбек Таранчиев (1923-1944) — Кеңес Одағының Батыры
- Сүйменқұл Чокморов (1939-1992) — кино актері, КСРО халық әртісі (1981)
Дереккөздер
|