Бақайата ауданы (қыр. Бакай-Ата району) — Қырғыз Республикасындағы Талас облысының батысында орналасқан әкімшілік бірлік.
Әкімшілік орталығы — Бақайата ауылы (бұрынғы Ленинполь).
Тарихы
Аудан 1936 жылы 2 тамызда РСФСР Қырғыз АССР-і құрамындағы Ленинполь ауданы болып құрылды[2]. Қырғыз КСР құрылған кезде оның құрамына енді.
1939 жылы Қырғыз КСР-ның Фрунзе облысы құрылған кезде Ленинполь ауданы оның құрамына кірді[3].
1944 жылдың 22 маусымы мен 1956 жылдың 18 ақпаны аралығында Талас облысының құрамында болды[4]. Кейін ол таратылған кезде қайтадан Фрунзе облысына қосылды[5], алайда өз кезегінде Фрунзе облысының 1959 жылы 27 қаңтарда жойылуына байланысты Ленинполь ауданы республикалық бағынысқа ауысты[6].
1959 жылы 26 қарашада Ленинполь ауданы таратылды. Оның территориясы Талас (Барқ-Арық, Қызыл-Октябрь, Ленинполь, Орел және Чалдовар сельсоветтері оның құрамына кірді) және Киров (Ключевск сельсоветі) аудандары арасында өзара бөлініп алынды[7].
1977 жылы 19 мамырда Ленинполь ауданы республикалық бағыныстағы аудан ретінде қайта қалпына келтірілді. Ауданның құрамына келесі сельсоветтер енді: Киров ауданынан Бейшекен және Ключевск; Талас ауданынан Барқ-Арық, Қызыл-Октябрь, Ленинполь және Орел[7].
1980 жылы 3 қыркүйекте Талас облысының қалпына келуіне байланысты Ленинполь ауданы оның құрамына енгізілді[8]. Талас облысы 1988 жылы 5 қазанда таратылғаннан кейін Ленинополь ауданы тағы да тікелей республикалық бағынысқа ауысты[9].
1990 жылы 14 желтоқсанда Талас облысы, қайтадан қалпына келтірілді және Ленинполь ауданы қайтадан оның құрамына енгізілді[10]
1992 жылы 6 наурызда аудан атауы Бақай-Ата ауданы болып өзгертілді[11][10].
1999 жылы 17 қыркүйекте Бейшкен ауылдық кеңесі (қырғ. айылдык кенеш) Бақай-Ата ауданынан Қара-Бура ауданы құрамына берілді[10].
2001 жылдың 8 ақпанында аудандағы бірқатар айылдық кенештердің атауын өзгерту жүргізілді: Орел - Ақ-Дебе, Ключевск - Боо-Терек, Барқ-Арық - Шадықан болды, сондай-ақ Орловка ауылы Ақ-Дебе, Ключевка - Боо-Терек, Калинин - Ынтымақ, Қара-Кашат - Түйте, Ленинполь - Бақай-Ата болып өзгертілді[12][10].
2005 жылы 13 сәуірде ауданның Қызыл Октябрь айылдық кенеші Ақназар болып өзгертілді[13][10].
2007 жылы 27 ақпанда Бақай-Ата ауданының Қызылқырғызстан ауылының атауы Қырғызстан ауылы болып өзгертілді [14][10].
Халқы
2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша қырғыздар 44 057 аудан тұрғындарының 43679 адамын құрайды (немесе 99,2 %), орыстар — 148 адам немесе 0,3 %, басқалары — 230 адам (0,5 %)[15].
Елді мекендері
Бақайата ауданы құрамына 9 айыл аймағы мен 19 айыл кіреді:
- Ақназаров айыл аймағы: Қызылоктябрь (әкімшілік орталығы), Көктас, Мәдениет, Тасқұдық, Ұрмарал ауылдары
- Ақтөбе айыл аймағы: Ақтөбе (әкімшілік орталығы), Қызылсай, Қызылшаруа ауылдары
- Бақайата айыл аймағы: Бақайата (әкімшілік орталығы), Наматбек ауылдары
- Баутерек айыл аймағы: Баутерек ауылы (әкімшілік орталығы)
- Кеңарал айыл аймағы: Кеңарал ауылы (әкімшілік орталығы)
- Мыңбұлақ айыл аймағы: Мыңбұлақ ауылы (әкімшілік орталығы)
- Ора айыл аймағы: Қырғызстан (әкімшілік орталығы), Жонқорған, Первомайское ауылдары
- Өзгеріс айыл аймағы: Өзгеріс ауылы (әкімшілік орталығы)
- Шадықан айыл аймағы: Ынтымақ (әкімшілік орталығы), Түйте ауылдары
Дереккөздер
- ↑ Перепись населения Киргизии 2009. Таласская область
- ↑ Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга III. Регион Кыргызстана. Таласская область, 2010
- ↑
- ↑ СССР. Административно-территориальное деление союзных республик на 1 мая 1949 года http://elib.shpl.ru/ru/nodes/8460#page/1/mode/grid/zoom/1 М|издательство Известия Советов депутатов трудящихся СССР, 1949, стр.323/484
- ↑
- ↑
- ↑ a b Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга III. Регион Кыргызстана. Таласская область, 2010
- ↑ Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга III. Регион Кыргызстана. Таласская область, 2010
- ↑ Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга III. Регион Кыргызстана. Таласская область, 2010
- ↑ a b c d e f Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга III. Регион Кыргызстана. Таласская область, 2010
- ↑
Жоғарғы Кеңесінің қаулысы Қырғызстан Республикасының 6 наурыздағы 1992 жылғы № 832-ХІІ қайта атау ТУРАЛЫ "Ленинпольского ауданы Талас облысының Бақай-Ата ауданы"
- ↑ Закон Кыргызской Республики от 8 февраля 2001 года № 23 "О переименовании Орловского в Ак-Дебенский, Ключевского в Боо-Терекский, Барк-Арыкского в Шадыканский айыльные кенеши и сел Орловка в Ак-Дебе, Ключевка в Боо-Терек, Калинин в Ынтымак, Кара-Кашат в Туйте, Ленинполь в Бакай-Ата Бакай-Атинского района Таласской области Кыргызской Республики". cbd.minjust.gov.kg. Тексерілді, 9 наурыз 2018.
- ↑ Закон Кыргызской Республики от 13 апреля 2005 года № 63 "О переименовании Кызылоктябрьского айыльного кенеша Бакайатинского района Таласской области Кыргызской Республики в Акназаровский айыльный кенеш". cbd.minjust.gov.kg. Тексерілді, 9 наурыз 2018.
- ↑ Закон Кыргызской Республики 27 февраля 2007 года № 25 "О переименовании села Кызылкыргызстан Бакай-Атинского района Таласской области Кыргызской Республики в село Кыргызстан". cbd.minjust.gov.kg. Тексерілді, 9 наурыз 2018.
- ↑ Перепись населения и жилищного фонда Кыргызской Республики 2009 года. Книга III. Регион Кыргызстана. Таласская область, 2010