Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Қырғыз тілі

Қырғыз тілі
Өз атауы:

кыргыз тили, قىرعىز تئلى

Елдер:

Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай

Аймақтар:

сол тілде сөйлейтін ел ішіндегі аймақ

Ресми күйі:

Қырғызстан

Реттейтін мекеме:

мекеме аты

Сөйлеушілер саны:

7 млн

Рейтинг:

тілдің сөйлеушілер саны бойынша орны

Классификация
Санаты:

Еуразия тілдері

Алтай тілдері (даулы)

Түркі тармағы
қыпшақ тобы
қырғыз-қыпшақ топ тармағы
Жазуы:

кириллица, араб жазуы

Тіл коды
МЕСТ 7.75–97:

кир/кыр 305

ISO 639-1:

ky

ISO 639-2:

kir

ISO 639-3:

kir

Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика
Қырғыз тілінің таралуы
Қырғыз дәстүрлі киімін киген қырғыз тіл иесі, Бішкек маңындағы жайлау

Қырғыз тілі (кыргыз тили, قىرعىز تئلى) — Қырғыз Республикасының мемлекеттік тілі, түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қырғыз тілінде 7 млн. адам сөйлейді. Олардың басым көпшілігі Қырғыз Республикасында тұрады. КСРО-да 1928 жылға дейін және Қытайда бүгінге дейін араб жазуын қолданады. Қазіргі жазуы кириллицаға негізделген.

Қырғыз тілі көпшілігі Қырғызстан, қалғаны Өзбекстанда, Тәжікстанда т. б. аймақтарда түратын қырғыз халқының ұлттық әдеби, мемлекеттік тілі. ҚХР-да 160 мың, Ауғанстанда 20 мың қырғыз бар. Қырғыздардың бүкіл әлемдік жиынтық саны — 2 900 мыңдай. Қырғыз тілі езінің даму барысында 3 дәуірді көне қырғыз (VІІІ-ІХ ғ.), орта қырғыз (Х-ХV ғ.) және жаңа қырғыз (ХV ғасырдан кейін) дәуірлерін басынан еткізді. Ол 3 диалектіге солтүстік, оңтүстікшығыс, оңтүстік-батыс диалектілеріне бөлінеді. Әдеби тілі солтүстік диалектісі негізінде қалыптасқан. Қазақ тілінен басты айырмашылықтары с - ның ш, ш - ның ч болғанында. Үш - үч, бас - баш, тас - таш.

Әліпбиі

Толық мақаласы: Қырғыз әліпбиі

Қырғызстан қырғыздары кириллицаға негізделген қырғыз әліпбиін қолданады. Қырғыздың кириллицасында орыс тілінің барлық әріпі мен қосымша ң, ө мен ү әріптері бар. Шыңжаң ауданындағы Қытай қырғыздары араб жазуын қолданады.

1928–1940 жылдары КСРО-дағы көптеген тілдері, соның ішінде қырғыз тілі үшін латын әліпбиі қолданылды.

Кириллица Парсы-Арабша Латын (бейресми, түрік тіліне негізделген) ХФӘ Қазақша аудармасы
Бардык адамдар өз беделинде жана укуктарында эркин жана тең укуктуу болуп жаралат. Алардын аң-сезими менен абийири бар жана бири-бирине бир туугандык мамиле кылууга тийиш. باردیق ادامدار ۅز بەدەلينده جانا وُقوُقتاریندا ەرکین جانا تهڭ ۇقۇقتۇۇ بولۇپ جارالات. الاردین اڭ-سەزیمی مەنەن ابئییری بار جانا بئرى-بئرینه بئر توُوُعاندیق مامئلە قیلوُوُغا تئییش. Bardıq adamdar öz bedelinde jana uquqtarında erkin jana teŋ uquqtuu bolup jaralat. Alardın aŋ-sezimi menen abiyiri bar jana biri-birine bir tuuğandıq mamile qıluuğa tiyiş. bɑrdɯq ɑdɑmdɑr øz bedelinde d͡ʒɑnɑ uquqtɑrɯndɑ erkin d͡ʒɑnɑ teŋ uquqtuː boɫup d͡ʒɑrɑɫɑt ‖ ɑɫɑrdɯn ɑɴsezimi menen ɑbijiri bɑr d͡ʒɑnɑ biribirine bir tuːʁɑndɯq mɑmile qɯɫuːʁɑ tijiʃ Барлық адамдар тумысынан азат және қадір-қасиеті мен құқықтары тең болып дүниеге келеді. Адамдарға ақыл-парасат, ар-ождан берілген, сондықтан олар бір-бірімен туыстық, бауырмалдық қарым-қатынас жасаулары тиіс.

Сілтемелер


Kembali kehalaman sebelumnya