Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Никосия

Қала
Никосия
гр. Λευκωσία
түр. Lefkoşa
Әкімшілігі
Ел

Кипр/Солтүстік Кипр Түрік Республикасы

Статусы

Астана

Басшысы

Мехмет Харманчи (СКТР) / Константинос Йиоркаджис (КР)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

35°10′ с. е. 33°22′ ш. б. / 35.167° с. е. 33.367° ш. б. / 35.167; 33.367 (G) (O) (Я)Координаттар: 35°10′ с. е. 33°22′ ш. б. / 35.167° с. е. 33.367° ш. б. / 35.167; 33.367 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

Б.з.б. VII ғасыр

Жер аумағы

111 км²

Уақыт белдеуі

UTC+2, жазда UTC+3

Тұрғындары
Тұрғыны

276 410 адам (2012)

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

22

Пошта индексі

1010–1107

nicosia.org.cy
 (грек) (ағыл.)

Никосия картада
Никосия
Никосия

Никосия немесе Лефкосия (гр. Λευκωσία; түр. Lefkoşa) — Кипр Республикасының астанасы және Солтүстік кипрдегі Түрік Республикасының кейбіріне танымал. Кипр аралының орталық бөлігіне орналасқан. 166 мың тұрғыны бар. (1991) Халықаралық әуежай 1974 жылдан бері жабық және мұнда БҰҰ-ның бітімгерлік тобының штабы орналасқан.

2004 жылдың соңындағы мәліметтері бойынша Жасыл сызықтан (қаланың грек бөлігі)оңтүстікке қарай орналасқан 270 мың тұрғынды құраса, солтүстікке қарай (түрік жағына қарай) 84 893 тұрғыны бар.

Никосия - саудалық және өндірістік орталық. Қалада - 2 заманауи сауда кешені, дүкендер, мейманханалар, ойын-сауық кешендері бар. Қалада тоқыма, тері өңдеу, қыш жасау өндірістері, пластмасса және басқа да өнімдер өндірісі қалыптасқан. Маңайында мыс шахталары , сонымен қатар, Никосииде - Кипр Университеті мен тағы 4 өзге Университеттер бар.

Географиясы мен климаты

Никосия Кипр орталығындағы Месаории кең жазағанда Троодос пен Кирения таулы қырқаларының арасында орналасқан. Никосия Акаки өзеніне жақын жатыр.

Никосия климаты - Жерортатеңіздік климат. Қысының жылылығы мен Жазының құрғақ ыстығы қаланың аграрлы жоспарында дамуына жол бере алмайды.

Тарихы

Қазіргі кезде Никосидің түрік бөлігінде мешітке айналдырған бұрынғы Әулие София соборы.

Б.з.д. VII ғасырда негізі қаланып (Ледрадеп аталды, кейін Левкотеон; заманауи атауы б.з. XIII ғас.). Әулие София готикалық соборы (XIII—XIV ғасырлар), Құдайана және августиндіктер шіркеулері(екеуәі де 1330), нарық ансамблі (готикалық базилика, 14-16 ғасырларда кеңейтілген.), "Фамагусты қақпасы" (16 ғ) Әулие Иоанна соборы (1665 жылы қайта салынды, жазбаша цикл бойынша 1730 ж. шамасында), архиэпископ сарайы (1950-59).

1974 жылы Түрік әскерінің басып кіруінен жіне кейін Солтүстік Кипрдің Түрік Республикасының ресми түрде жариялануынан қала түрік және гректер бөлігіне бөлінді. Олардың арасындағы БҰҰ әскерлерінің қорғауымен қаланың тура тарихи ортасынан және негізгі Ледра сауда көщесі арқылы өтеді. Никосиидің Солтүстік (түрік) бөлігі өзін-өзі жариялаған ТРСК астанасы болып табылады және Лефкоша деп аталады.

2008 жылдың 3 сәуірінде қаланы екіге бөліп тұратын дуалды бөлшектеу бойынша жұмыстары басталды.[1].

Жергілікті танымал тұлғалар

Көрікті жерлері

Кирения қақпасы (Porta del Proveditore). Олар әскери инженер Франческо Барбароның құрметіне аталған. Кирения қақпасы 1931 жылы британдықтар оның екінші жағында жол салғанға дейін қабырғадағы белсенді қақпа болды.

Бастион Мусалла (Барбаро). Бастион ғимаратында түрік қарулы күштері, сондай-ақ халыққа қолжетімді Ұлттық күрес мұражайы орналасқан.

Бастион Джевизли (Лорадано). Анкара Чаглаян саябағы бастионды қоршап тұрған шұңқырда орналасқан.

Бастион Сибели (Флатро). Туристер бұл бастионға жақындай алмайды, өйткені оны БҰҰ басып жатыр. Әрі қарай жылжуды жалғастыру үшін туристер жасыл сызықты кесіп өту үшін екі нүктенің біріне оралуы керек (ең жақын нүкте Локмачи).

Бастион Караффа. Мелина Меркури Холл осында орналасқан.

Фамагуста қақпасы (Porta Giuliani). Қақпа оның сәулетшісі Джулио Саворгнаноның атымен аталған, Асканио ағасы. Бұл қақпа үшеуінің ішінде ең жақсы сақталғаны шығар. Бүгінде олардың үй-жайлары мәдени орталық ретінде пайдаланылады және мереке күндері мұнда түрлі мерекелік шаралар өткізіледі.

Бастион Подокатро. Міне, Азаттық монументі, ол зынданнан шыққан адамдардың бірнеше қола фигуралары. Жақын жерде бір кездері таудан қалаға су әкелетін су құбырының учаскесі орналасқан.

Констанца бастионы. Дәл осы жерде 1570 жылы қалаға шабуыл жасаған түріктер қорғанысты бұзып өтті. Қазір Байрақтар мешіті осында орналасқан.

Д'Авила Бастион. Қала әкімдігі осы бастионда орналасқан. Бостандық алаңы (Plateia Eleftherias) жақын жерде орналасқан. Бұл кипрлік гректердің дәстүрлі жиналатын орны. Жақын жерде Лаики Гейтония деп аталатын аймақ бар.

Бастион Триполи. Бұл бастион автотұрақ және аялдама ретінде пайдаланылады.

Пафос қақпасы (Порта Сан-Доменико). Бұл қақпа жақын жерде орналасқан Лусиньан монастырының атымен аталған. Бұл монастырьді венециялықтар 1567 жылы қабырғаларды тұрғызу кезінде қиратты. Жақын жерде Қасиетті католиктік крест шіркеуі орналасқан. Бұл мүлдем ешкімнің жері емес. Кіру грек жағында, ал шығу (қауіпсіз жабылған) түрік жағында. Жасыл сызық арқылы ең жақын өткел Ледра көшесінде.

Роккас Бастион. Бұл бекініс түрік жағында орналасқан. Ол саябаққа айналдырылды.

Бастион Захра (Мула). Осы жерден шұңқырлы жерге қарай аласыз. Бұл жасыл сызықтың ең кең жері. Ол БҰҰ-ның шолу постымен аяқталады (бірақ ол қазіргі уақытта сирек қолданылады).

Бастион Кефан (Quirni). Бұл бастионның ішінде Солтүстік Кипр Президентінің сарайы орналасқан. Одан әрі шеңберде Кирена қақпасы орналасқан.

Туыстас қалалар

Сілтемелер

Дереккөздер

Kembali kehalaman sebelumnya