Шпицберген
Шпицберген, Грумант, Свальбард – Солтүстік Мұзды мұхиттың батысындағы аралдар тобы, Свальбард аралдар тобының негізгі бөлігі. Ірі аралдары: Батыс Шпицберген, Солтүстік-Шығыс Жер, Эдж, Баренц, т.б. Ауданы 62 мың км2. ГеогрфиясыЖер бедері таулы, ең биік жері – 1712 м, Ньютон тауы. Батыс және солтүстік жағалаулары фьордтарға (Ис-фьорд, Вейде-фьорд, т.б.) күшті тілімделген. 35,1 мың км2-ден астам жерін (етегінен теңізге дейін) мұздықтар алып жатыр, көп жылдық тоң таралған. Төрттік кезеңнің жанартаулары (Сверре, Сигурд) және ыстық бұлақтар бар. КлиматыКлиматы арктикалық-теңіздік; шығысы қатаң, батысында Шпицберген жылы ағысы әсерінен салыстырмалы жұмсақ. Орташа температура жағалық бөлікте ақпанда –12°C, шілдеде 4°C. Жылдық жауын-шашын мөлш. 315 мм. Флорасы мен фаунасыАрктик. шөл және тундра өсімдіктері (мүк, қына, ергежейлі қайың, т.б.) өседі. Сүт қоректілерден солтүстік бұғысы, полюс түлкісі, ақ аю, құстың 90 түрі кездеседі. Суы балыққа бай: гренландия итбалығы, нерпа, теңіз қояны, морж, кит тіршілік етеді. ЭкономикасыСолтүстік-Батыс Шпицберген, Форланн ұлттық саябақтары, Солтүстік-Шығыс Свальбард резерваты құрылған. Шпицберген топаралдарынан жоғ. сапалы тас көмір өндіріледі. Байырғы халқы жоқ; тұрғындары негізінен көмір өндіретін 1,2 мың норвег, 1,5 мың орыс азаматтарынан тұрады. 1925 жылы Шпицберген топаралы ресми түрде Норвегияның бөлігі болып жарияланды. Әкімшілік орталық – Лонгьир, порты – Баренцбург.
|