Брюссель (нидер.Brussel[ˈbrʏsəl], фр.Bruxelles[bʁyˈsɛl]) — Бельгияның ең ірі қаласы және астанасы, әрі Еуропа одағының әкімшілік орталығы. Брюссель 10 ғасырдағы Чарлмагненің немересі негізін қалаған бекініс қалашығынан миллионнан астам тұрғыны бар ірі қалаға айналды.
Текст мәтініне байланысты Брюссель сөзі Брюссель-Астаналық аймағының Брюссель қаласы деп аталатын (176,545 тұрғыны бар) мағынаны, Брюссель-Астаналық Аймақ (2017 жыл 1 ақпанына сәйкес 1,067,162 тұрғыны бар) мағынасын, немесе, Брюссель метрополитен (астаналық) аймағын (2,100,000-ден 2,700,000-ге дейін тұрғыны бар) білдіруі мүмкін.
Брюссель іс жүзінде ЕуроОдақ астанасы болып есептеледі.
Ресми түрде Брюссель екі тілді болып есептеледі: француз және голлан тілді.