Осло (норв.Oslo(ақп.), [↓ʊʂˈlʊ] н/е [↓ʊsˈlʊ]), 1624-1877 жылдары Христиания (норв.Christiania), 1877-1924 жылдары Кристиания (норв.Kristiania) — Норвегияның астанасы және ең ірі қаласы. Осло Норвегияның экономикалық және әкімшілік орталығы. Қала сонымен қатар елдің сауда, банк ісі, өндіріс және жүк тасымалы орталығы. Қала теңіз өнеркісібі орталығы және Еуропа теңіз саудасы орталығы болып табылады. Теңіз өнеркәсібі секторының көптеген компаниялары, соның ішінде әлемнің ірі теңіз тасымалы компаниялары, кемеброкерлері және теңіз өнеркісібі сақтандыру брокерлері шоғырланған.
Географиясы
Осло Норвегияның оңтүстік-шығысында орналасқан. Ослоға 40 арал жатады. Қалалның шекгінде ауыз суының ең маңызды қайнар көзi болып саналатын 343 көл орналасқан. Қала бойымен екi ептеген өзендер ағады: Акерсельва және Ална.
Кей деректерге сәйкес (Norse saga), Осло шамамен 1049 жылы Харалд Hardråde патша негізін салды-мыс.[2] Жуықтағы археологиялық қазбалардан ертеректерде де қалашық болғандығын көрсететін б.з.б. 1000 жылдарғы сүйектер табылған. [дереккөзі?] Бұл өз кезегінде Ослоның мыңжылдығын 2000 жылы тойлауға себепкер болды.
Саясаты
Ослода үкіметтік ұйымдар, соның ішінде Норвегия премьер-министрі Йенс Столтенбергтің кеңсесі орналасқан. Үкімет кеңселерінің көбісі Үкімет кварталында (Regjeringskvartalet) орналасқан.