Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Куала-Лумпур

Қала
Куала-Лумпур
малайша Wilayah Persekutuan Kuala Lumpur
ағылш. Federal Territory of Kuala Lumpur
қыт. 吉隆坡联邦直辖区
Ту Елтаңбасы
Ту Логотипі
Әкімшілігі
Ел

 Малайзия

Статусы

Астана

Штат

Федеральдық территория

Мэр

Ниш Хишам Ахмад Дахлан[1]

Тарихы мен географиясы
Координаттары

3°09′35″ с. е. 101°42′00″ ш. б. / 3.15972° с. е. 101.70000° ш. б. / 3.15972; 101.70000 (G) (O) (Я)Координаттар: 3°09′35″ с. е. 101°42′00″ ш. б. / 3.15972° с. е. 101.70000° ш. б. / 3.15972; 101.70000 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1857

Жер аумағы

243,65 км²

Орталығының биiктігі

21,95 м

Уақыт белдеуі

UTC+8

Тұрғындары
Тұрғыны

1 790 000[2] адам (2017)

Тығыздығы

7388 адам/км²

Агломерация

6 900 000

Ресми тілі

Малай

Сандық идентификаторлары
Телефон коды

+60 3

Пошта индекстері

40xxx - 48xxx, 62xxx - 64xxx

Автомобиль коды

W

kualalumpur.gov.my

Куала-Лумпур картада
Куала-Лумпур
Куала-Лумпур

Куала-Лумпур (малайша Kuala Lumpur ) – Малайзия елінің астанасы, Малакка түбегінің оңтүстік-батысында орналасқан қала. 2009 жылғы мәлімет бойныша қала тұрғын саны 1 790 000 адамды құрайды. 2017 жылдан бері қала мэрі Ниш Хишам Ахмад Дахлан.

Тарихы

Куала Лумпурдің негізі 1857 жылы қаланады. 1880-1978 жылдар аралығында – Селангор астанасы болады. Куала Лумпур 1972 жылдың 1 ақпанынан бері сити (ағыл. city) мәртебесіне, 1974 жылдан бері – Федеральді территория мәртебесіне ие[3].

Экономикасы

Қала мемлекеттің сауда-өнеркәсіптік және қаржы орталығы болып табылады[4]. Қала және қала маңында каучук, пальма майы және басқа да тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындар бар. Сондай-ақ кәсіпорындар электротехникалық және электронды заттар, ауылшаруашылық құрал-жабдықтар мен металл өндіріп, автомобиль жинаумен айналысады.

Ұлттық құрамы

Қала тұрғындары малайлар, қытайлар, тамильдер, малаялар, телугулер, бенгалдар, джакундар, ибандардан және сеноилардан тұрады.

Білім

Қалада екі университет (Малайзия Технология Университеті және Малайя Университеті) жұмыс істейді.


Өнер және мәдениет

Туризм

1907 жылы салынған Жамек мешіті
[Петалиң көшесіндегі Чайнатаун

Қал аэкономикасында туризм жетекші орын алады. Қалада әлемдік танымал қонақ үйлер орын тепкен. Куала Лумпурға жыл сайын 8.9 миллион турист келеді, осылайша ол әлемдегі ең көп турист баратын алтыншы қала болып табылады.[5][6] Куала Лумпурде Мердека алаңы, малайзия Парламент үйі, Петалиң көшесі, Ұлттық сарай (Istana Negara), Куала Лумпур мұнарасы, Малайзия ұлттық мұражайы, Орталық базар, Ұлттық монумент,және Жәмек мешіті Бату үңгірлері сияқты діни орындар негізгі туристік нысандар болып табылады.[7]

Дереккөздер

  1. Куала-Лумпур қаласының мэрі
  2. Federal Territory of Kuala Lumpur. Department of Statistics, Malaysia.
  3. Погадаев, В. А. Куала-Лумпур. — в Малайзия. Карманная энциклопедия. М.: Муравей-Гайд, 2000, с. 31
  4. Мемлекеттің экономикалық және қаржы орталығы Мұрағатталған 11 қаңтардың 2012 жылы.
  5. http://www.enjoyourholiday.com/2011/04/18/top-10-most-visited-cities-in-the-world/
  6. Bremner, Caroline Trend Watch: Euromonitor International's Top City Destination Ranking. Euromonitor International (10 қаңтар 2010). Тексерілді, 27 тамыз 2010.
  7. Kuala Lumpur Travel. Тексерілді, 15 қыркүйек 2009.
Kembali kehalaman sebelumnya