Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Қырғызстан президенті

Қырғыз Республикасының Президенті
қыр. Кыргыз Республикасынын Президенти

Президенттік штандарты

Лауазымды иеленуші
Садыр Жапаров
28 қаңтар 2021
Басқару түрі

Елбасы
Үкімет басшысы

Ресми резиденциясы

Ақ Үй, Бішкек
Ала-Арча мемлекеттік резиденциясы, Бішкек

Кандидатура ұсынылады

Тікелей сайлау

Өкілеттігінің мерзімі

5 жыл, бір рет қайта сайлана алады

Айлығы

жыл сайын 1,281,609 сом

Лауазым пайда болды

27 қазан 1990

Алғашқысы

Асқар Ақаев

Сайты

http://president.kg/kg/

Қырғызстан Президенті, ресми атауы Қырғыз Республикасының Президенті (қыр. Кыргыз Республикасынын Президенти) — Қырғыз Республикасының елбасы және үкімет басшысы. Президент үкіметтің атқарушы билігін басқаруымен қоса Қырғыз Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып келеді.

Қырғызстан конституциясы бойынша президент — "халықтың бірлігінің және үкімет билігінің символы" және "Қырғыз Республикасы Конституциясының кепілімен адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтайды". Бір азамат Қырғыз Президенті болып екі реттен көп сайлана алмайды. Қырғыз Президенті тек елде жалпы кеміне 15 жыл тұрған, мемлекеттік тілде сөйлей алатын, жасы 35-тен кем емес және 70-тен артық емес азаматтар ғана бола алады.

Қазіргі қызметтегі Қырғыз президенті — Мекенчил партиясымен ұсынылған Садыр Жапаров.

Қызметі және құқығы

Президенттік эмблема

Қырғызстан Президентінің құқығында:

  • Премьер-Министрді және басқа үкімет қызметкерлерін тағайындау
  • Жоғарғы Сот ішінде Парламентке үміткерлер ұсыну
  • Сыртқы саясатты басқару
  • Заң ұсыну, қабылдау
  • Барлық сайлаулардың өткізілуін және декреттер жариялап отыру
  • Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болу бар.

Президент тағайындайтын қызметкерлер

  • Қырғызстан премьер-министрі
  • Министрлер Кабинеті
  • Басты Прокурор
  • Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы
  • Шекара Қызметінің төрағасы
  • Кеден Қызметінің төрағасы
  • Сот-сараптама Қызметінің төрағасы
  • Жаза атқару Қызметінің төрағасы
  • Экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметінің төрағасы
  • Қырғыз Республикасының Ұлттық Банкының төрағасы
  • Қарулы Күштерінің бас штабы
  • Түрлі Қарулы Күштер тармақтарының коммандирлері
  • Жоғарғы Сот мүшелері
  • Президент Администрациясының Басшысы
  • Баспасөз хатшысы
  • Қырғызстан Елшілері

Президенттер тізімі

Пр# Мерз# Аты Суреті Тағайындалды Қызметінен кетті Саяси партиясы
1 1.

1991

Aсқар Ақайұлы Ақаев
(1944–)
27 Қазан 1990 29 Қазан 1995 Партиясыз
2

1995

29 Қазан 1995 29 Қазан 2000
3.

2000

29 Қазан 2000 24 Наурыз 2005 (қуылды)
Исенбай Дүйсенбіұлы Қадырбеков (Уақытша)
(1949–)
24 наурыз 2005 25 наурыз 2005 Партиясыз
Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев
(1949–)
25 Наурыз 2005 14 Тамыз 2005 Партиясыз
2 4.

2005

14 Тамыз 2005 15 Қазан 2007 Қырғызстан Халық Қозғалысы
(2) 15 Қазан 2007 23 Шілде 2009 Ақ Жол
5.

2009

23 шілде 2009 7 сәуір 2010
(қуылды)
Роза Исаққызы Отынбаева
(1950–)
7 Сәуір 2010 3 Шілде 2010 Социал-Демократиялық
3 3 шілде 2010 1 желтоқсан 2011
4 6.

2011

Алмазбек Сәрсенұлы Атамбаев
(1956–)
1 желтоқсан 2011 24 қараша 2017 Социал-Демократиялық
5 7.

2017

Сауранбай Шәріпұлы Жиенбеков
(1958–)
24 қараша 2017 15 қазан 2020
(қуылды)
Социал-Демократиялық партия
Садыр Нұрғожаұлы Жапаров
(1968–)
16 қазан 2020 14 қараша 2020 Мекенчил
Талант Тұрдымаматұлы Мамытов
(1976–)
14 қараша 2020 27 қаңтар 2021 Қырғызстан
6 8.
2021
Садыр Нұрғожаұлы Жапаров
(1968–)
28 қаңтар 2021 Қазіргі Мекенчил

Дереккөздер

Kembali kehalaman sebelumnya