Қызғалдақ төңкерісі
Қызғалдақ төңкерісі (қыр. Жоогазын революциясы), кейде Тұңғыш Қырғыз төңкерісі — Қырғызстанда 2005 жылы көктемде болған, Қырғызстан президенті Асқар Ақаевтың биліктен кетуіне әкелген саяси оқиға, революцияға айналған жаппай наразылықтар.[1][2] Қызғалдақ төңкерісі басқа түс революциялары, Грузияда (Раушан революциясы, 2003) және Украинада (Қызғылт сары революция, 2004) болған төңкерістердің әсерінен және халықтың Ақаев билігімен қанағаттанбауымен байланысты басталған еді. Қызғалдақ төңкерісінің себептері қатарында халқы ахуалының нашарлауы, экономикалық және саяси тұрақсыздығы және 2005 жылғы сайлаудың нәтижесі болған. ЭтимологиясыТөңкерісті ұйымдастырған және оны қолдаған адамдар сары және қызғылт түсті жалаулары астында шыққаны үшін және оқиға көктемде болғаны үшін оны басқа бейбіт төңкерістер сияқты «қызғалдақ төңкерісі» деп атаған. Төңкеріс барысыҚызғалдақ төңкерісі Қырғызстанда парламент сайлауынан кейін басталды. Халық өткен сайлаудың нәтижелеріне наразы болды, өйткені үкімет әкімшілік ресурсын қолданып, сайлаудың әділетсіз нәтижелерін жарияланып, парламентке үкіметке қарсы күштер өкілдерін жібермей, өз жақтаушыларын жіберді. Сөйтіп, сайлаушыларын алдады. Төңкеріс Қырғызстанның оңтүстігінде наурыз айында басталған. 19 наурыз күні төңкеріс Жалалабат облысында басталып, келесі күн Ошта жалғасты. Наурыз мейрамынан кейін, төңкерісшілер Ош пен Жалалабат облыстарында билігін өзіне қаратты. 24 наурыз күні төңкеріс Қырғызстанның астанасы Бішкек қаласында жалғасты. Нәтижесінде, наразы болған халық Ақ үйді басып алып, үкіметті құлатты. Ақаев мемлекеттен қашып, отставкаға кетуге мәжбүр болды. 24 наурыз күні кешкі уақыттан келесі күннің таңына дейін қалада тәртіпсіздік тоқтамады. Көптеген дүкендер, мейрамханалар өрттенді, қалада тонау басталды. Келесі күнде де тәртіпсіздік басылмады. Президенттің міндеттерін уақытша Исенбай Қадырбеков атқарды, үкімет басшысы Құрманбек Сәлиұлы Бәкиев болып тағайындалды. Абақтыдан оппозицияның жетекшісі Феликс Кулов босатылып, қолына барлық қарулы күштерді, тәртіп орнату күштерін, милицияны және қауіпсіздік органдарын алды. Қалада тәртіпті орнатты. Бір күннен кейін, Қыдырбеков орнынан кетіп, мемлекеттің жоғарғы билігі Құрманбек Бәкиевтың қолына түсті. Кулов ішкі істер министрі болып тағайындалды. Жаңа министрлердің кабинеті үкіметін құрды. Сөйтіп, қызғалдақ төңкерісі аяқтады. Төңкерісті жетекшілері Қырғызстан социал-демократиялық партиясы, Ар-Намыс партиясы, Атамекен партиясы, жастардың Кел-Кел қозғалысы еді. СуреттеріДереккөздер
|