Жасуша қабырғасыЖасуша қабырғасы — жасуша мембранасының сыртындағы қатты қабықша. Ол прокариоттардың көбісінде бар және эукариоттардың ішінде саңырауқұлақтарда, өсімдіктерде жиі кездеседі. Ал жануарларда және қарапайымдардардың көбісінде ондай органелла жоқ. Жасуша қабырғасының пішіні ағзаға байланысты болады және ол ағзаның жалпы пішінін біркелкі қалыпта ұстауға жағдай жасайды. Сондай-ақ қабырға жасушаны қаупті болуы мүмкін ірі молекулалардың кірігуінен сақтайды және басқа да қорғау қызметтерін атқарады. Жер бетіндегі өсімдіктерде жасуша қабырғасы целлюлоза мен пектиндік заттардан тұрады. Балдырларда ол гликопротеиндер және каррагинан, агар сияқты полисахаридтерден тұрады. Бактерияларда ол пептидогликаннан құралған. Саңырауқұлақтарда хитин, хитозан, глюкандардан құралған. БактериялардаГрам әдісіне сәйкес жалпы бактериялар және олардың жасуша қабырғалары екі түрге бөлінеді.[1] Грам оң бактерияларда қабықша тек пептидогликан (муреин) қабатынан тұрады. Ол мембранамен тығыз беттескен. Грам теріс бактерияларда пептидогликан қабаты жұқалау болады және оның мембранамен аралығында периплазмалық кеңістігі бар. Бұған қоса сыртында капсуласы болады. Ол липидтерден құралған мембрана болып келеді. Бұндай қасиеті арқылы, грам теріс бактериялар лизоцимге қарсы тұра алады, ал грам оң бактериялар лизис үрдесіне қашайып кетеді. БалдырлардаБалдырларда жасуша қабырғасы полисахаридтерден (целлюлоза, каррагинан, альгин қышқылдары) немесе гликопротеиндерден, немесе екеуінің қоспасынан тұрады. Бәрінен бөлек, диатомды балдырлардағы жасуша қабырғасы кремний оксидінен құралады.[2] Дереккөздер
Тағы қараңыз
|