Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Акросома

Акросома (acrosoma; гр. acros — үшы, шеткі; лат. soma — дене) — сперматозоид басының алдыңғы бөлігінде орналасқан оймақ тәрізді құрылым. Ол — құрылысы күрделі өзгерістерден өткен Гольджи аппаратының туындысы. Акросома ішкі және сыртқы жарғақтан және олардың арасындағы гидролаза ферменттеріне толған денешіктен тұрады. Ұрықтану кезінде сперматозоид акросомасы жұмыртқа жасушасының (ооцит) сыртқы қабығын құрайтын жасушалардың желімдегіш гликозамингликандарын (мукополисахаридтерін) ерітетін гиалуронидаза, протеаза, арильсульфатаза, акрозин ферменттерін бөледі. Нәтижесінде ооцит цитоплазмасына, оның мөлдір аймағы арқылы сперматозоидтың басы мен мойынының енуіне толық мүмкіндік туады. [1]

Дереккөздер

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9


Kembali kehalaman sebelumnya