Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Төбе меристемасы

Төбе меристемасы немесе апикальды меристема (лат. апекс - ұшы, төбесі) — сабақ пен тамырдың ұзарып өсуіне мүмкіндік беретін ұшындағы ұлпа.

Әрбір өркен, тамыр, одан таралған бұтақтарының ұшында, ұрық тамыршасы мен бүршікшесінде төбе меристемасы орналасқан жері өсу нүктесі (үрім) д.а. Өсу нүктесі жарақаттанғанша өсімдік өсуін тоқтатпайды, сондықтан сабақ пен тамыр ылғи ұшынан өседі. Өсу нүктесінің шеткі аймағы жасушаларының бөлінуінен жапырақ төмпешіктері пайда болып, оның жасушалары ары қарай бөлініп бүршіктер дамиды. Төбе меристемасы – вегетативті өркендер, гүл өркендері және тамыр ұшының меристемасы деп бөлінеді.

Сілтемелер

http://sc0008.astrahanka.akmoedu.kz/modules.php?m=news&p=view&id=15B3BDE6AFFF7A0D(қолжетпейтін сілтеме)


Kembali kehalaman sebelumnya