Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Ферғана аңғары

Ферғана аңғарына барар жол

Ферғана аңғары - Наманған және Әндіжан облыстары кіретін Ферғана аймағы Өзбекстан республиканың Қиыр шығысында, тауаралық кең аңғарда жатыр. Әкімшілік жағынан Ферғана аңғары Өзбек, Қырғыз және Тәжік республикаларының арасында бөлінген. Өзбекстан шегінде аңғардың түбі (Солтүстік Тәжікстанда) орналасқан, Ферғананың таулық бөлігі, негізінен, Қырғызстанда жатыр. Аңғарды барлық жағынан дерлік қоршап тұрған таулар оны Мырзашөл даласымен жалғастырады. Оның солтүстік және солтүстік-батысы — Шатқал және Құрама қыраттарымен, шығысы — Ферғана қыратымен, оңтүстігі — қарлы шыңдары аспанмен тілдескен Алай және Түркістан қыраттарымен шектеседі.

Ферғана атауы парсы тіліндегі Пері (періште) және Хана (үй) сөздерінен туындаған және перілер мекені мағынасын білдіреді.[1]

Аңғардың томаға-тұйық жағдайы оған үлкен өзіндік ерекшелік береді. Мұнда Өзбекстандағы ең жұмсақ климат қалыптасқан, жазы салыстырмалы түрде қоңыржай, қысы жылы болады. Климаттық жағдайлары мақта мен басқа да жылу сүйетін ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін өте қолайлы. Мұнда өрік, анар, алма, алмұрт, інжір, т. б. жемістер тамаша өнім береді. Ферғана аңғарының Орталық Азия інжуі деп аталуы да бекер емес. Алайда аңғарға жауын-шашын салыстырмалы түрде aз түседі, мұндағы егіншілік суландыруға негізделген. Ферғана аңғарының көптеген өзендерінің суландыру үшін маңызы зор. Оның негізгі су көздері — Нарын мен Қашқадарияның қосылуынан түзілетін Сырдария өзені. Айнала қоршаған таулардан Сырдарияға қарай оның толып жатқан салалары — Сох, Ақсу, Шахимардансай, Касансай, Исфайрасай, Ақбура, т. б. өзендер ағады.

Бұрынғы замандардың өзінде салынған жиі ирригациялық тармақ аңғарды берекелі өлкеге айналдырд. Кеңестік кезеңде, 1939—1940 жылдары халықтық құрылыс әдісімен салынған ирригациялық құрылыстардың ұзындығы 345 км болатын Үлкен Ферғана каналы, сондай-ақ Нарыннан басталатын Солтүстік Қарадариядан шығатын Оңтүстік каналы салынды. Одан кейінгі жылдары өзендердің ағысын реттеп отыру үшін Ортатоғай, Қарқыдөң, Токтоғұл, Үшқорған т.б. бөгендер салынды.

Ферғана аңғары Өзбекстан аумағының тек 4%-ын ғана алып жатыр, бірақ оның республика өміріндегі рөлі жоғары. Бұл — Өзбекстан мен Орталық Азияның халық тығыз қоныстанған ауданы. Аңғардың шығыс бөлігіндегі халықтың тығыздығы 1 км2 жерге 500 адамға дейін жетеді. Мұнда республикадағы ауыл тұрғындарының 1/3 бөлігі, қала халқының 1/5 бөлігі тұрады.

Самарқанд — Өзбекстанның мақта, жүзім, бақша мен жібек құртын өсіретін ең маңызды ауданы: ол республикада жиналатын шитті мақта, жемістер мен жүзімнің 1/3 бөлігіне жуығын, жібек құртының 2/5 бөлігінен астамын береді.

Қай жағына көз салсаң да Ферғана аңғарының барлық аумағынан созылып жатқан мақта егістіктерін, көктем мен жазда көк жасыл түске боялатын, бұтақтары шар тәріздес етіліп, ұқыпты қиылған тұт ағаштарын көруге болады. Қалалары мен ауылдары жасыл бақтар мен жүзімдіктерге малынған, күміс түстес және пирамида тектес теректер, акациялар, күмбез тәрізді үлкен қарағаштар, асқақтаған шынарлар отырғызылған.

Сан алуан ауыл шаруашылығы шикізаты мен бағалы кен байлықтары, оның ішінде мұнай ауданның өнеркәсіптік дамуының күшеюі үшін негіз болды (бұл мәселе бойынша Ферғана аңғары Ташкент экономикалық ауданына ғана жол береді).

Өнеркәсіптің негізгі маманданған салалары — жеңіл және тамақ, мұнай, энергетикалық химия өнеркәсіптері. Өндірістің дамуы Ферғана аңғарының урбандалу процесін жеделдетті, ескі қалалар — Қоқан, Ферғана, Марғұлан, Әндіжан, Наманғанның іріленуіне және жаңа қалалардың пайда болуына жағдай жасады.

Аңғардың оңтүстігінде орналасқан Ферғана — Ферғана облысының әкімшілік орталығы, аңғардың ірі өнеркәсіптік қаласы. Бұл нағыз қала-бақ. Өз бұтақтарымен иін тіресе өсіп тұрған алып ғасырлық талдар, шынар ағаштары, теректер көшелерді көркем аллеяларға айналдырган. Сымбатты скверлер ботаникалық бақты еске салады.[2]

Дереккөздер

  1. История Ферганы.
  2. Қазіргі дүние географиясы: Хрестоматия. Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқу құралы. / Қ. Ахметов, Т. Увалиев, Г. Түсіпбекова. - Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-216-5


Kembali kehalaman sebelumnya