Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Гиалуронидаза

Гиалуронидаза — гиалурон қышқылын ерітетін фермент. Гиалуронидаза жануарлардың енінде және басқа да кейбір мүшелерінде, сонымен қатар жыланның, араның, өрмекшінің уларында, сүліктің сілекейінде және кейбір ауру жұқтыратын микробтарда болады. Гиалуронидаза жұмыртқа жасушасының қабықшасын ерітіп, оған сперматозоид қосылып ұрықтануға мүмкіндік туғызады. Сондықтан гиалуронидаза малды қолмен ұрықтандырғанда кеңінен қолданылады.

Тағы қараңыз

Дереккөздер

  • Т. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев


Kembali kehalaman sebelumnya