26 наурыз - Алғаш рет қазақстандық мұнайды КҚК-Каспий құбыр консорциумының 1500 шақырымдық құбырының айдауы басталды. Мұнай Теңіз – Новороссийск бағыты бойынша жолға шықты.
17 мамыр - Сыған баронының қызы Роксан Боровская алматылық кәсіпкер Бақыт Дүйсембаевты дұрыс қойылмаған көлік туралы оған ескерту жасағаны үшін атып өлтірді.
19 маусым - Ақсу-Дегелең темір жол тармағының салтанатты ашылуы өтті, маршрут тек Қазақстан аумағы бойынша салынды. Сол күні пойыз өзінің алғашқы бағытына Астана — Лениногорск қатынасымен аттанды.
13 шілде - Бұрынғы Премьер-Министр Әкежан Қажегелдиннің айыптауы бойынша қылмыстық іс аяқталуға жақындалды. Айыптаулар: билік пен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану, бопсалау және миллиондаған долларды құрайтын бірнеше рет пара алу. Ол сондай-ақ қару-жарақ пен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алды, және салық төлеуден жалтарды деп айыпталды.
10 қазан - Мәжіліс депутаты Төлен ТоқтасыновРахат Әлиевті лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануды және ҰҚК саяси қуғын сүргін құралына айналды деп айыптады.
15 желтоқсан - Астана Алматыдан келген алғашқы "Астана-экспресс" жүрдек пойызын қарсы алды. Мұндай сыйлықты "Қазақстан темір жолы" РМК Елорданың туған күніне орай жасады.
16 желтоқсан - Ұлттық банк Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай тиын шығарды.