Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Юлиан күнтізбесі

Юлиан күнтізбесі, ескі санат — б.з.д. 46 ж. Юлий Цезарь тағайындаған жыл санау жүйесі. Бұл күнтізбе бойынша әрбір 3 жыл 365 күн, ал одан кейінгі төртінші жыл 366 күн болып есептеледі. 366 күндік жыл кібісе жыл деп аталады, оның нөмірі 4-ке қалдықсыз бөлінеді (мысалы, 1972, 1976, ...). Кібісе жылғы ақпанда 29 күн болады. Сонда Юлий күнтізбесі бойынша жылдың орташа ұзақтығы 365,25 күнге тең.

Нақты жылдың бұдан 0,0078 күні кем. Осы бөлшектен 400 жылда 3 күн жиналады. Мұнда алшақтықты түзетіп отыру үшін 1582 ж. григориан күнтізбесі қабылданған. Григориан күнтізбесі біздің елде 1918 ж. 14 ақпаннан бері қолданылып келеді.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ энциклопедиясы, 10-том


Kembali kehalaman sebelumnya