Ким Ир Сен
Ким Іль-суң ( кор. 김일성, Ким Ильсо́н) (1912 жылғы сәуірдің 15 – 1994 жылғы шілденің 8) — Солтүстік Кореяның 1948 жылдың басында негізі қаланғаннан бастап 1994 жылы қайтыс болғанға дейін жетекшісі болған саясаткер және әскери қолбасшы. Ол 1948 жылдан 1972 жылға дейін сол елдің бас министрі, 1972 жылдан 1994 жылы қайтыс болғанына дейін елдің президенті қызметтерін атқарды. Сонымен бірге ол Корея Жұмысшы партиясының Бас хатшысы болып қызмет атқарды. Солтүстік Кореяның жетекшісі ретінде ол елдің бағытын марксизм-ленинизм идеологиясынан өзі дамытып шығарған «Чучхе» бағытына өзгертіп, өзінің жеке басына табынуды орнатты. Солтүстік Кореяда оған ресми түрде «Ұлы Көсем» («Видеһан сурйоң» 위대한 수령) деген атақ берілген, ал елдің конституциясында ол «Республиканың Мәңгі Президенті» деп аталған. Оның туған және қайтыс болған күндері Корей Халық Демократиялық Республикасында жұмыс істемейтін күн болып белгіленген. Балалық және жастық шағыИр Сеннің өмірбаяны аңыз бен түсініксіз жайттарға толы. Сондықтан оның шынайы өмірбаянын білу оңай емес. Ким Сон Чжудің айтуынша, Ким Ир Сен 1912 жылы 15 сәуірде Пхеньянға жақын маңдағы "Намни" (қазіргі Мангёндэ) қыстағында дүниеге келген. Әкесі Ким Хён Чжик ауыл мектебінде мұғалім болған. Анасының аты — Кан Бан Сок. Олардың отбасысы зиялы адамдардан тұрғандықтан, сол уақыттың бас қа зиялылары секілді қарапайым, тұрмыстық жағдайы аздап нашарлау болған. 1964 жылы Жапонияда шыққан бір кітапта оны Чхинчжондағы анасының үйінде дүниеге келіп, Мангёндэ ауылында өскен дейді. Кимнің есімі және тұлғасыОл 2 мәрте КХДР Батыры (1953, 1977), КХДР Еңбек Ері (1956) атақтарын алды. Кеңес Одағы оны 1972 жылы Ленин орденімен марапаттады. ЕңбектеріКим Іль-суң көптеген кітап болып басылыпжарыққа шыққан еңбектердің авторы болып табылады. Оның еңбектері Корея Жұмысшы партиясының баспасында жарыққа шығады, солардың арасында «Ким Іль-суңның еңбектерінің толық жинағы» және «Ким Іль-суңның таңдамалы еңбектерінің жинағы» деген екі жинақты атауға болады. Оларға Жаңа жыл қарсаңында және басқа да түрлі жағдайларда сөйлеген сөздері де кіргізілген. Тағы қараңызДереккөздер
|