ЭкспортЭкспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру. Экспорт ақиқаты елдің кеден шекарасынан тауардың өтуі‚ қызметтер көрсету және зияткерлік қызмет нәтижелеріне құқықтарды табыстау сәтінде тіркеледі. Тауарларды елдің кеден аумағынан әкетпей жасалған‚ атап айтқанда‚ шетелдік тұлғаның елдегі тұлғадан сатып алуы, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарды кейіннен шетелге әкету үшін оны елдегі тұлғаға табыстау кезінде жасалған жекелеген коммерц. операциялары тауар экспортына теңестіріледі. Дамыған нарықтық қатынастар жағдайында экспорт халықар. экон. ынтымақтастық пен еңбек бөлінісінің негізгі нысаны болып табылады. Сондай-ақ экспорт импорттың материалдық алғы шарты‚ өйткені ол импортқа төлеудің және сыртқы қарыз бойынша есеп айырысудың негізгі көзі.[1] Тауардың экспорттық құныТауардың Экспорттық Құны - шетелдік сатып алушыға ұсынылған шот бойынша айқындалатын құн, мұнда белгілі бір тауарлардың өткізілуіне байланысты шетелдік валюта түріндегі үстеме шығындар шегеріп тасталады. Экспорттық баж / Әкетілім бажыЭкспорттық баж / Әкетілім бажы — тауарлар экспорты кезінде мемлекет өндіріп алатын кеден бажы; елдің ішінде үлкен сұранымға ие өнім тапшылығына жол бермеу мақсатымен белгіленеді. Баждың мұндай түрінің шамасын белгілеу кезінде бұрын төленген сатудан алынатын салықтар мен акциздік алымдардың мөлшері ескеріледі. Экспорттық несиеЭкспорттық несие - тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сатылымын қаржыландыру мақсатымен шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банкілеріне берілетін несие; экспортты ынталандыру құралы. Импортшылар мен экспортшылар несиені тікелей өздерінің шетелдік контрагенттерінен немесе оларға қызмет көрсетуші банкілерден алады. Ол әрқашанда сыртқы сауда келісімшартын жасасу жолымен беріледі. Оның мөлшері, мерзімі, құны, пайыз төлеу және өтеу шарттары экспортшы және импортшы елдердің экономикалық және саяси жағдайына, тауардың түріне және тараптардың өзара қатынастарының сипатына қарай айқындалады. Экспорттық лизингЭкспорттық лизинг - лизингілік компания ұлттық фирмадан жабдық сатып алатын, сонан соң оны шетелдегі жалгерге беретін мәміле. Экспорттық әлеуетЭкспорттық әлеует - елдің ұлттық шаруашылығының сыртқы нарық үшін бәсекелесуге жарамды өнімді қажетті мөлшерде өндіру қабілеті; елдің игерілген табиғат байлықтарының, сыртқы нарықтың қажеттерін қанағаттандыруға бағдарланған экономикалық және өндірістік мүмкіндіктерінің жиынтығы. Халық шаруашылығының сыртқы рынокта бәсекеге түсе алатын өнімнің қажетті көлемін өндіру жөніндегі экономикалық қабілеті; елдің игерілген табиғат байлықтарының, экономикалық және өндірістік мүмкіндіктерінің жиынтығы. Экспорттық детаксацияЭкспорттық детаксация - сыртқы рынокқа шығаруға арналған өнімдерге салынатын жанама салықты кеміту немесе мүлде салмау. Экспорттық кредиттерЭкспорттық кредиттер - тауарлар мен қызметтердің сатылуын қаржыландыру мақсатында шетелдік сатып алушыларға немесе олардың банктеріне берілетін несие; экспортты көтермелеу құралы. Экспорттық сыйлықтарЭкспорттық сыйлықтар - тауарларды шетке шығаруды кеңейту үшін мемлекетгік органдар экспорттаушыларға беретін қаржы жеңілдіктері.[2] Дереккөздер
|