Франция Ұлттық кітапханасыФранция Ұлттық кітапханасы (фр. Bibliothèque Nationale - немесе BNF) – Еуропадағы ең ежелгі кітапханалардың бірі. Қорының көлемі жағынан әлемнің алып кітапханалары қатарында, анығында, жетінші орын иеленеді. 1368 жылы негізі қаланған корольдік кітапхана Франция королі Карл V-тің кезінде (1348-1380 ж.ж.) Лувр музейінде қызмет көрсете бастаған.[1] Тарихы1988 жылы Францияның экс-президенті Франсуа Миттеран (1981-1955) кітапханаларды реформалау бағдарламасына қолдау білдіреді. Соған сәйкес, негізгі қор Париждің XIII округіндегі заманауи үлгідегі зәулім ғимаратқа көшірілді. Бұл кезеңде кітапханадағы баспа өнімдерінің саны 9 миллионнан астам болған.[2] | бюджет = €254 млн[3] Кітапхана пішініФранция Ұлттық кітапханасы симметрия пішініне негізделген. Жоба латынның «L» әрпі формасындағы төрт бұрышты мұнаралар көмегімен жасалған. Мұнаралар бір-біріне қарама-қарсы қарап, ашық тұрған кітапты көз алдыңа әкеледі. Осы ашық кітаптар ішінде кітапхана залдары және алып эспланадалар бар. Эспланада – таңғажайып гүлзармен көмкерілген көпшілікке ашық қолжетімді айдынды алаң, ол оқуға әрі кездесуге арналған. Жоба – адамзаттың асыл ойы мен шығармашылығының айнасы. Бұл жабдықтардың артықшылығы – кітаптарды сақтауға қолайлы жағдай жасалатындығы, сондай-ақ күнделікті пайдаланушының жанға жайлы жағдайды сезінуі, тиімді мониторинг пен басқару жүйесінің болуы.[4][5] Қызықты деректерБұл кітапхана 1793 жылғы дерекке сай дүниежүзі бойынша ең алғашқы ақысыз қоғамдық кітапхана болып саналады. Мемлекеттік мекеме ретіндегі Франция Ұлттық кітапханасының міндеті – Францияда жарияланған материалдар көшірмелерінің коллекциясын жасақтау. Заңға сәйкес, баспа өнімдері осында сақталуы тиіс әрі олар қоғам үшін қолжетімді болу керек. Француз Ұлттық кітапханасы 2010 жылы сегіз миллион еуроға белгілі италиялық жанкешті жазушы Джакомо Джироламо Казанованың жазбаларын сатып алды. Мұны неміс баспагерлері 200 жыл бойы сақтап келген. Француз суретшілері XIX ғасырда өмір сүрген қазақ халқының мәдени-тарихи генотипін, салт-дәстүрін, ұлттық нақышын айқын бейнелей білген. Бұл көшірмелер Франция Ұлттық кітапханасының суреттер бөлімінде сақталған. Өкінішке орай, түпнұсқаларының қай жерде сақталғанын анықтау мүмкін болмады. Дереккөздер
|