Танжер
Танжер (араб.: طنجة, Танджа) – Мароккодағы ірі портты қала. Халық саны 907 000 адам (2008 жылғы халық санағы бойынша). Марокконың солтүстігінде Гибралтар бұғазымен шектеседі. Зерттеушілердің болжамы бойынша қаланың негізін біздің заманымызға дейінгі 5 ғасырдың басында Карфагендік отарлаушылар қалаған. Қаланың аты берберлік құдай «Тинжиске» (Тинга) байланысты қойылған. Ал грек мифологиясында қаланың негізін Посейдон мен Гейдің ұлы Антей қалаған делінген. Аңызда Геракл Антейді тұншықтырып өлтіргеннен кейін қаланы оның әйелі Тингидің құрметіне Тингис атаған деп айтылады. Сыртқы сілтемелерtanger.ma Дереккөздер
|