Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Сұйық кристалдар

Сұйық кристалдар — қайсыбір температурада молекулалары белгілі бір тәртіппен орналасуы нәтижесінде қатты кристалдарға тән кейбір физикалық қасиеттердің анизатропиясы болатын сұйықтар. Тәртіптеу типіне қарай сұйық кристалдар нематикалық (нематиктер), смектикалық (смектиктер) және холестерикалық болып бөлінеді. Нематикалық сұйық кристалдар сыртқы әсер жоқ кезде тек бағытталған тәртіптілікпен және барлық көлем бойынша молекулалардың бірқалыпты ориентациясымен сипатталады. Смектикалық сұйық кристалдар бағытталған тәртіптілікпен қатар белгілі трансляциялық тәртіптілік түрімен сипатталады. Холестерикалық сұйық кристалдар да басты ориентация бағыты молекулалық өзара әрекет салдарынан спираль секілді оралған. Сыртқы электр өрісіндегі жұқа қабаты сұйық кристалдар қайта бағыт-бағдарлануынан оптикалық қасиеттерінің өзгеруін, яғни электрооптикалық құбылысты, электроникада бейнелену және ақпаратты оптикалық түрде өңдеу құрылғыларында жиі пайдаланады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 ISBN 9965-36-448-6
Kembali kehalaman sebelumnya