Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Плазмалық жарғақ

Плазмалық жарғақ (плазмалық мембрана) — жасуша қабықшасы — плазмолемманың негізін құрайтын билипидті-протеинді құралым, қалыңдығы 6-10 нм. Екі қабатты липидті жарғақ құрамына фосфолипидтер, сфингомиелиндер, холестерин кіреді. Плазмалық жарғақты құрауға билипидті жарғақпен байланысқан интегральды, жартылай интегральды және шеткі протеиндер молекулалары енеді. Плазмалық жарғақ 40% липидтерден, 60% протеиндерден тұрады. Плазмалық жарғақ - май мен нәруызды заттардан түзіліп, жасушаның сыртын қаптайды. Ол болмаса жасуша тіршілік ете алмайды. Плазмалық жарғақ - жануар жасушасы қабықшасының бірден-бір құрамбөлігі. Ал өсімдік, бактерия пен саңырауқұлақ жасушасында бұл жасуша бөлігі болып табылады. Оларда мембрана сыртында, сонымен бірге қатты жасуша қабырғасы да болады. Жасушаның ішіндегі барлық қоректік заттар мен қажетсіз өнімдер мембрана арқылы өтеді. Мембрана арқылы жасуша қоршаған ортамен қатынас жасайды.[1]

Дереккөздер

  1. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9


Kembali kehalaman sebelumnya