Орталық АмерикаЖалпы түсінікОрталық Америка – Солтүстік Американың Теуантепек және Дарьен мойнақтары аралығындағы қиыр оңтүстік бөлігі. Тынық мұхит пен Мексика шығанағы және Кариб теңізі аралығында тропиктік ендікте орналасқан. Ені Юкатан түбегі аумағында 960 км, Панама мойнағында 48 км, ең биік жері Тахумулько тауы (4217 м). Орталық Америкада Мексиканың оңтүстік-шығыс бөлігі, Гватемала, Сальвадор, Гондурас, Никарагуа, Коста-Рика, Панама, Белиз мемлекеттері орналасқан. Басым бөлігін Кордильера жүйесіне кіретін орта биіктікті тау белдеуі алып жатыр. Ірі жазық өңірлер Юкатан түбегі мен Москития жағалауында. Кен байлықтарынан алтын және күміс (Гондурас, Никарагуа), қорғасын (Гватемала, Гондурас), сүрме (Гватемала), мұнай (Теуантепек), күкірт (Гватемала) өндіріледі. Орталық Америка климаты ылғалды; жылдық жауын-шашын мөлшері солтүстігінде 1500 – 2000 мм, оңтүстігінде 3000 – 4000 мм (тау беткейлерінде 7000 мм). Өзендері қысқа, бірақ суы мол; әсіресе Атлант мұхиты алабына жататын өзендердің суы жыл бойына мол болады. Тектоникалық қазаншұңқырларға толған көптеген көлдер кездеседі; ірілері – Никарагуа және Манагуа. Топырақ және өсімдік жамылғысы алуан түрлі. Солтүстік-шығысындағы жазықта және беткейлерінде (800 м биіктікке дейін) ылғалды тропиктік ормандар, түрлі-түсті бағалы ағаш сүректері өндірілетін пальмалар, лианалар өседі. Банан плантациясы және тропиктік дақылдар егіледі. Юкатанда ксерофитті бұталар, 1700 м-ге дейін ағаш тектес қырыққұлақтар, 3200 м-ге дейін мәңгі жасыл жалпақ жапырақты (емен, магнолия) және қылқан жапырақты ормандар басым. Биік белдеулерде альпі шалғыны өседі. Жануарлардан Орталық Америкаға ғана тән кең танаулы маймылдар, кесірткелер, Солтүстік Америкалық түрлерінен жанат, кемірушілер мекендейді. Сальвадор Бұл - Орталық Америкадағы көлемі жағынан ең кішкентай және халқы ең тығыз қоныстанған республика. Астанасы - Сан-Сальвадор. Халқы - 6227 491 (2011) адам. Сальвадор - көз тартар көркем жерлері көп, табиғаты тамылжыған, тамаша мекен. Саяхатшылар оны "тропиктік жер жаннаты" деп бағалайды. Сондай-ақ бқл ел - табиғи ресурсқа бай, тартымды өлке. Никарагуа Никарагуа Республикасы - Орталық Америкадағы ең ірі мемлекет. Ол олтүстігінде Гондураспен, ал оңтүстігінде Коста-Рикамен шектеседі. Астанасы - Манагуа. Халқы - 5 815 524 (2010) адам. Никарагуа мемлекетінің экономикасы ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға арналған. Тропиктік ормандарОрталық Американың ну ормандары мен бұта мен қамыс өскен батпақты жерінде басқа өлкеде кездеспейтін өсімдіктер мен жануарлардың сан алуан түрі бар. Орталық Америкада тропикалық құстар, соның ішінде дәстүрлі тотықұстар көп. Өлкенің басым бөлігін қамтып жатқан тропикалық ормандарда сүтқоректілер аздау, есесіне, жәндіктер мен бауырмен жорғалаушылар кеңінен тараған. ЖанартауларОрталық Америка - қыраттар мен таулары ойпат пен жазыққа ұласатын тропиктік аймақ. Коста Рикадағы Аренал жанартауы, түнде жарық шығарып тұрады. Жанартау еңісінен лаваның тақылап жатқанын күнде көруге болады. Орталық Америка тұрғындарыОрталық Американың басым халқы— байырғы тұрғындары үндістер және үндістер мен испандардың некесінен туған метистер. Сондай-ақ Африка, Белиз елдерінің өкілдері мен Коста-Рикада, қаны таза испандықтар да кездеседі.Белизден басқа елдерде Орталық Америка тұрғындары испан тілін, ресми тіл ретінде қабылдаған. Белизде ресми қарым қатынас ағылшын тілінде жүреді. Кейбір тұрғындар, ежелгі үндіс тілінде сөйлейді. КлиматОсы аймақта климат ыссы және ылғалды, температура сейрек 24 °C- дан түседі. Жағаға қарай күн ыссы болып келсе, қала жақтарда суықтау болады. Маусымнан қыркүйекке дейін ай сайын 300мм жайын шашын жауып тұрады. Орталық Американың орналасуына байланысты күн жылуы жақсы түсіп, жыл бойы ауа райы ыстық болады. Ауыл шаруашылығыХАлықтың көп бөлігі жер шаруашылығымен айналасады. Таулы аймақтарда ірі мүйізді жануарларды өсіреді. Экспортқа арналған банан, қант құрғағы мен мақта өсіреді. Әлемдегі кофеның оннан бір бөлігі Орта Америкада жасалып шығарылады. Терек шырындарынан, біз күнде шайнайтын, сағызды жасайды. Шоколад дайындау үшін какао-бұршақьарын өңдейді. Дереккөздер
|