Кипр (арал)
Кипр (гр. Κύπρος; түр. Kıbrıs; ағылш. Cyprus) — Жерорта теңізінің аралы оңтүстік-шығысында орналасқан. ТарихыКипрде б.з.д. 9 ғасырдан бастап адамдар тұрған. Арал б.з.д. 1200 жылы минойлықтардың, б.з.д. 8 ғасырда финикиялықтардың, б.з.д. 4 ғасырда перстердің, б.з.д. 332 жылы Александр Ұлының, б.з.д. 30 жылы римдіктердің, 649 жылы арабтардың және 1191 жылы француз рыцарларының билігінде болды. 1571 жылы Кипр Осман империясына қосылды. 1878 жылы Кипр Британ империясының протекторатына айналды. 1960 жылы Кипр тәуелсіздік алды. ГеографиясыАзия құрлығына жатады. Ауданы 9251 км². Аңыз бойынша, Кипрде махаббат және сұлулық құдайы Афродита дүниеге келген. Ең биік жері – Олимп тауы, оның биікт. 1952 м. Кирений және Мезаория тау жүйелері аралығын қыратты жазық алып жатыр. Жағалаулары ойпатты, тек солтүстік жағалауы тік жарлы, жартасты. Аралдың шығысында Троодос таулары орналасқан, ал батысында жазық жерлер бар. КлиматыКлиматы жерортатеңіздік. Қаңтар айының орташа температурасы 12 оС, тамызда 28 оС. Жауын-шашынның жылдық мөлшері жағалауда 500 мм, таулы жерде 1000 мм. Жауын-шашын қыс айларында түседі. Тау етегінен 500 м биіктікке дейін мәңгі жасыл бұталар, одан жоғары орман өседі. Пайдалы қазбаларыКен байлықтары: мыс, темір, хром кентасы, асбест, тұз, гипс. Аралда Кипр мемлекеті орналасқан. Сілтемелер
|