Share to: share facebook share twitter share wa share telegram print page

 

Жазба тіл

Жазба тіл — жазудың шығуымен байланысты пайда болған, өзіндік дәстүрі бар тіл. Жазба тіл адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, осы заманға дейінгі ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған байлығын сақтауына және оны жетілдіруге мүмкіндік берді. Қазақ жазба тілі қазақ әдеби тілінің негізгі саласы ретінде қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайына, мәдени, рухани өміріне байланысты ерекшеліктерін, дәстүрін сақтай отырып қалыптасқан. Қазақ жазба тілінің қалыптасу негізі көптеген түркі халықтарына ортақ әдеби нұсқалардан бастау алады. Соған орай көне түркі жазба ескерткіштері (6 — 7 ғасырларда), ерте ортағасырлық Жүсіп Баласағұнның “Құтадғу білік”, Махмұт Қашқаридың “Диуани лұғат ат-түрк” (11 ғасыр), ортағасырлық “Мұхаббатнама”, “Оғызнама” (14 ғасыр) сияқты жазба ескерткіштер қазақ жазба тілінің негізі ретінде танылады. 15 ғасырдан 20 ғасырдың басына дейінгі аралықта қазақ жазба тіліне ортаазиялық түркі әдеби тілінің дәстүрі ықпал етті. 19 ғасырдың 2-жартысынан бастап халықтық тіл негізінде қазақтың ұлттық жазба әдеби тілі қалыптасты, оның нормалық белгілері, стильдік салалары дамыды, қоғамдық қолданылу аясы кеңіді.

Сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

Kembali kehalaman sebelumnya