ГормондарГормондар[1] (гр. hormao — қоздырамын, қозғаймын) — эндокринді бездер немесе эндокриндік қызметке қабілетті жекеленген жасушалар бөлетін тым белсенді органикалық биологиялық заттар. Аталмыш бездер мен жасушалардың шығару өзектері болмағандықтан, олар өздері бөлетін гормондарын организмнің ішкі сұйық ортасына (ұлпа сұйығы, қан, лимфа) бөліп шығарады. Гормондар — өзінің химиялық табиғатына байланысты:
ал нысандарға әсер ету қызметіне қарай:
Гормондар - ішкі секреция бездерінен бөлінетін ұлпалар мен мүшелерге әсер ететін биологиялық белсенді заттар. Гормондардың барлығы ағзалық заттар, себебі, олардың біреуі нәруыздан, екіншісі аминқышқылдарынан, үшіншісі майтектес заттардан құралған. Гормондар ішкі секреция бездерінен бөлініп, қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы арқылы басқа мүшелерге жеткізіледі. Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық - аралық мидағы гипоталамус. Оны көру төмпешікасты бөлімі деп те атайды. Гипоталамус пен гипофиздің қызметі бірімен-бірі тығыз байланысып, гипоталамустен гипофиздік жүйе құралады. Жүйке ұлпасынан бөлінетін гормондар - нейрогормондар деп аталады. Олар қан құрамының тұрақтылығын және зат алмасудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы арқылы ағза қызметінің әрі рефлекстік, әрі гуморальдық реттелуі жүзеге асады. Қызметі:
Жасуша нысан - Гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі[2][3][4] Гормондар - ақпарат тасымалдаушы молекулалар. Әр гормон тек өзіне тән бір сигналды нысана-жасушадағы рецепторға жеткізеді. Ақпарат табиғатына сәйкес жасушадағы құбылыс белгілі бір сипаттық өзгеріске түседі. Бұл сол жасушаның сыртқы сигналға берілген адекватты жауабы болады. Соның нәтижесінде ағзаның климат әсеріне бейімделуі, термореттелуі, қорғаныстық жүйесі, инфекциядан сақтануы, мүше,ұлпа, жасушалар мен жасушаралық реттелулер, репродукция (ұрпақ жалғастыру), тұқымқуалау қасиетін беру (фенотип пен генотип қалыптасуы) және т.б. қасиеттері орындалады. Дереккөздер
|