Бертіс
Бертіс – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы түбек. Географиялық орныБалқаш қаласы мен Шашубай кентінің арасында орналасқан. Сипаты мен геологиялық құрылымыАумағы 18,7 км2, ұзындығы 7,5 км, ені 2,5 км. Жер бедері – аккумуляттік жазық. Орта және жоғарғы тас көмір кезеңі жүйесінің гранитінен, құмтасынан, тақтатасынан, әктасынан түзілген. Олардың бетін төрттік кезеңнің элювийлі-делювийлі шөгінділері жауып жатыр. ӨсімдігіТүбекте шөлге тән сортаңды сұр қоңыр топырақ қалыптасқан. Баялыш, сұр жусан, т.б. шөлейттің сортаң өсімдіктері өседі.[1]
Дереккөздер
|