АспарухАспарух, Исперих (643 – 701 ж. ш.) – Дунайдағы түркі бұлғарларының алғашқы билеушісі. 680 ж. Балқанда Бұлғар мемлекетін құрды. ӨмірбаяныҰлы Бұлғарияның негізін қалаған Кубрат ханның үшінші баласы. Әкесі өлгеннен кейін, билік тізгіні Кубраттың үлкен ұлы Баянға өтті, алайда 668 жылы хазарлардың шабуылынан кейін Ұлы Бұлғария мемлекеті ыдырап кетті. Аспарух өзінің қол астындағы оногур тайпасымен бірге оңтүстік-батысқа қарай көше бастады. Балқан түбегіндегі жергілікті славян тайпаларымен одақ құрды. 680 жылы Византияның Добруджа қаласын басып алып, Бірінші Бұлғар мемлекетінің негізін қалады.
|